О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 12 октября 2012 года № 1294 "Об утверждении стандартов государственных услуг в области здравоохранения"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 12 октября 2012 года № 1294 "Об утверждении стандартов государственных услуг в области здравоохранения"
- Атауы (қаз.)
- "Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 қазандағы № 1294 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 433
- Қабылданған күні
- 30.04.2013
- Көрсетілген редакция
- 20.03.2014 AI72433_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 20.03.2014
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P1300000433
- ЭКБ идентификаторы
- 72433
- Редакция идентификаторы
- AI72433_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 23:09
0 "Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 қазандағы № 1294 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. «Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 қазандағы № 1294 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 74, 1080-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) көрсетілген қаулымен бекітілген «Дәрігерді үйге шақыру» мемлекеттік қызмет стандартында:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: ішінара автоматтандырылған.»;
11-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Мемлекеттік қызметті порталда алу үшін тұтынушының:
1) жеке басын куәландыратын құжаты (он алты жасқа толмаған адамдар үшін – туу туралы куәлігі);
2) тіркелген халықтың тіркеліміне сәйкес осы уәкілетті ұйымға тіркеуінің болуы қажет.
Мемлекеттік aқпараттық жүйеде қамтылатын жеке басын куәландыратын құжаттың мәліметтерін, осы уәкілетті ұйымға тіркеуінің болуын уәкілетті ұйым уәкілетті лауазымды тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанында портал арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.»;
2) көрсетілген қаулымен бекітілген «Дәрігердің қабылдауына жазылу» мемлекеттік қызмет стандартында:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: ішінара автоматтандырылған.»;
11-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Мемлекеттік қызметті порталда алу үшін тұтынушының:
1) жеке басын куәландыратын құжаты (он алты жасқа толмаған адамдар үшін – туу туралы куәлігі);
2) тіркелген халықтың тіркеліміне сәйкес осы уәкілетті ұйымға тіркеуінің болуы қажет.
Мемлекеттік aқпараттық жүйеде қамтылатын жеке басын куәландыратын құжаттың мәліметтерін, осы уәкілетті ұйымға тіркеуінің болуын уәкілетті ұйым уәкілетті лауазымды тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанында портал арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.»;
3) көрсетілген қаулымен бекітілген «Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымға тіркеу» мемлекеттік қызмет стандартында:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: ішінара автоматтандырылған.»;
11-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Мемлекеттік қызметті порталда алу үшін тұтынушының:
1) жеке басын куәландыратын құжаты (он алты жасқа толмаған адамдар үшін – туу туралы куәлігі);
2) тұтынушының электрондық цифрлық қолтаңбасының болуы қажет.
Мемлекеттік aқпараттық жүйеде қамтылатын жеке басын куәландыратын құжаттың мәліметтерін мемлекеттік уәкілетті ұйым уәкілетті лауазымды тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанында портал арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.».