О внесении дополнений в решение маслихата от 12 апреля 2012 года № 26 "О социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении дополнений в решение маслихата от 12 апреля 2012 года № 26 "О социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан"
- Атауы (қаз.)
- Мәслихаттың 2012 жылғы 12 сәуірдегі № 26 "Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек туралы" шешіміне толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 35
- Қабылданған күні
- 29.06.2012
- Көрсетілген редакция
- 29.11.2013 AI66793_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 29.11.2013
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V12NS000180
- ЭКБ идентификаторы
- 66793
- Редакция идентификаторы
- AI66793_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 01:53
0 Мәслихаттың 2012 жылғы 12 сәуірдегі № 26 "Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек туралы" шешіміне толықтырулар енгізу туралы
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 394 қаулысымен бекітілген "Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу" Мемлекеттік қызмет стандартына сәйкес, Ұзынкөл аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1 1. "Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек туралы" мәслихаттың 2012 жылғы 12 сәуірдегі № 26 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-19-175 тіркелген, 2012 жылғы 19 сәуірде "Нұрлы жол" газетінде жарияланған) мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген мәслихат шешімнің 1-тармағы келесі мазмұндағы 8), 9) тармақшалармен толықтырылсын:
8) білім беру ұйымдарында оқуды төлеуге бағытталған, мемлекеттік бюджеттен өзге төлемдерді алушылар, білім беру гранттарының иелері болып табылатын тұлғаларды есептемегенде, жан басына шаққандағы орташа табысы және балаларды (баланы) жалғыз басты ата-ана тәрбиелейтін отбасылардың жастарына, сондай-ақ табыстарын есепке алмай, 1 және 2 топтағы мүгедектер, 23 жасқа дейінгі жетімдер, балалар үйлерінің түлектері, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған, халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз жіктеріне жататын, жергілікті бюджет қаражаты есебіне оқуды жалғастырушы жастарға, күндізгі оқыту нысанындағы, техникалық және кәсіби, орта білімнен кейінгі немесе жоғары білімді алуға байланысты, білім беру ұйымдарына жылдық оқу құнының мөлшерінде шығындарды өтеуге. Тұтынушының жүгіну фактісі бойынша жылына бір рет көрсетіледі;
9) өтініш жасалған тоқсанның алдындағы тоқсанда жан басына шаққандағы орташа табысы Қостанай облысы бойынша ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен табыстары бар, отбасылардың тұлғаларына, тұрмыстық қажеттіліктерге, бір жолғы, жеті айлық есептік көрсеткіш мөлшелерінде.";
көрсетілген мәслихат шешімінің қосымшасында:
2-тармағы келесі мазмұндағы 5), 6) тармақшаларымен толықтырылсын:
"5) білім беру ұйымдарында оқуды төлеуге бағытталған, мемлекеттік бюджеттен өзге төлемдерді алушылар, білім беру гранттарының иелері болып табылатын тұлғаларды есептемегенде, жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен табыстары бар көп балалы отбасылардың және балаларды (баланы) жалғыз басты ата-ана тәрбиелейтін отбасылардың жастарына, сондай-ақ табыстарын есепке алмай, 1 және 2 топтағы мүгедектер, 23 жасқа дейінгі жетімдер, балалар үйлерінің түлектері, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған, халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз жіктеріне жататын, жергілікті бюджет қаражаты есебіне оқуды жалғастырушы жастарға, күндізгі оқыту нысанындағы, техникалық және кәсіби, орта білімнен кейінгі немесе жоғары білімді алуға байланысты, білім беру ұйымдарына жылдық оқу құнының мөлшерінде шығындарды өтеуге:
жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен табыстары бар көп балалы отбасылардың және балаларды (баланы) жалғыз басты ата-ана тәрбиелейтін отбасылардың жастарына, өтініш жасалған тоқсанның алдындағы тоқсанға алушының (отбасының) табыстары туралы мәліметтер;
1 және 2 топтағы мүгедектер, 23 жасқа дейінгі жетімдер, балалар үйлерінің түлектері, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған, халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз жіктеріне жататын, жергілікті бюджет қаражаты есебіне оқуды жалғастырушы жастарға, алушының әлеуметтік мәртебесін растайтын құжат;
тиісті оқу орнымен берілген, оқу жылына оқу төлемінің мөлшері мен оқу орнын растайтын құжат;
оқу төлемін растайтын құжат;
6) өтініш жасалған тоқсанның алдындағы тоқсанда жан басына шаққандағы орташа табысы Қостанай облысы бойынша ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен табыстары бар, отбасылардың тұлғаларына, тұрмыстық қажеттіліктерге:
өтініш жасалған тоқсанның алдындағы тоқсанға, тұлғаның (отбасының) табыстары туралы мәліметтер.".
2 2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ:
"Ұзынкөл ауданының жұмыспен қамту
және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің бастығы
_______________________ Г. Асқарова