Құжат мәтініне өту

О внесении изменения и дополнений в решение маслихата от 12 апреля 2012 года № 26 "О социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан"

Өзге акт · № 98 · қабылданған 08.04.2013
Заңдық күші: Күшін жойған · 18.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/12-2012-no-26-ekb-72100/on/2026-08-18/
Басып шығарылды 2026-08-18 · adilet.kz
О внесении изменения и дополнений в решение маслихата от 12 апреля 2012 года № 26 "О социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан" Күшін жойған Өзге акт ·№ 98 ·08.04.2013
29.11.2013 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
18.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.11.2013. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменения и дополнений в решение маслихата от 12 апреля 2012 года № 26 "О социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан"

Күшін жойған Өзге акт ·№ 98 · 18.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменения и дополнений в решение маслихата от 12 апреля 2012 года № 26 "О социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан"
Атауы (қаз.)
Мәслихаттың 2012 жылғы 12 сәуірдегі № 26 "Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек туралы" шешіміне өзгеріс және толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
98
Қабылданған күні
08.04.2013
Көрсетілген редакция
29.11.2013 72100_215569.kaz
Соңғы өзгеріс
29.11.2013
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V13NS004097
ЭКБ идентификаторы
72100
Редакция идентификаторы
72100_215569
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 23:19

0 Мәслихаттың 2012 жылғы 12 сәуірдегі № 26 "Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек туралы" шешіміне өзгеріс және толықтырулар енгізу туралы

"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 394 қаулысымен бекітілген "Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу" Мемлекеттік қызмет стандартына сәйкес Ұзынкөл аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

1

1. Мәслихаттың "Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек туралы" 2012 жылғы 12 сәуірдегі № 26 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-19-175 тіркелген, 2012 жылғы 19 сәуірде "Нұрлы жол" газетінде жарияланған) мынадай өзгеpіc және толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген шешімнің 1-тармағының 6) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
"6) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне Ұлы Отан соғысының Жеңіс күніне орай, бір жолғы, табыстарын есепке алмай, жиырма бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;".
көрсетілген шешімнің 1-тармағы мынадай мазмұндағы 10) тармақшамен толықтырылсын:
10) соғысқа қатысушыларға жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша теңестірілген тұлғалардың басқа да санаттарына, 1941 жылғы 22 маусым - 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (әскери қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталмаған адамдарға Ұлы Отан соғысының Жеңіс күніне орай, бір жолғы, бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде";
көрсетілген мәслихат шешімінің қосымшасында:
2-тармағы 7) тармақшамен толықтырылсын:
7) соғысқа қатысушыларға жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша теңестірілген тұлғалардың басқа да санаттарына, 1941 жылғы 22 маусым - 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (әскери қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталмаған адамдарға Ұлы Отан соғысының Жеңіс күніне орай:
егер осы азамат уәкілетті органда есепте тұрмаған жағдайда, алушының әлеуметтік мәртебесін растайтын құжат.

2 2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

КЕЛІСІЛДІ:
"Ұзынкөл ауданының жұмыспен қамту
және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің бастығы
_______________ Г. Асқарова

Қолданыстағы