О внесении дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 12 марта 2012 года № 320 "Об утверждении размеров, источников, видов и Правил предоставления социальной помощи гражданам, которым оказывается социальная помощь"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 12 марта 2012 года № 320 "Об утверждении размеров, источников, видов и Правил предоставления социальной помощи гражданам, которым оказывается социальная помощь"
- Атауы (қаз.)
- "Әлеуметтік көмек көрсетілетін азаматтарға әлеуметтік көмектің мөлшерін, көздерін, түрлерін және оны беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 наурыздағы № 320 қаулысына толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 326
- Қабылданған күні
- 25.04.2015
- Көрсетілген редакция
- 25.04.2015 89395_87087.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 25.04.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P1500000326
- ЭКБ идентификаторы
- 89395
- Редакция идентификаторы
- 89395_87087
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 15:19
0 «Әлеуметтік көмек көрсетілетін азаматтарға әлеуметтік көмектің мөлшерін, көздерін, түрлерін және оны беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 наурыздағы
№ 320 қаулысына толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. «Әлеуметтік көмек көрсетілетін азаматтарға әлеуметтік көмектің мөлшерін, көздерін, түрлерін және оны беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 наурыздағы № 320 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 37, 487-құжат) мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетілетін азаматтарға әлеуметтік көмек беру қағидаларында:
5-тармақ мынадай мазмұндағы бөлікпен толықтырылсын:
«Орта білім беру ұйымдарының мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан білім алушылары және жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар осы қаулымен бекітілген әлеуметтік көмек көрсетілетін азаматтарға әлеуметтік көмектің мөлшеріне, көздеріне және оны беру түрлеріне сәйкес мектепте бір мәрте тамақтандырумен қамтамасыз етіледі.»;
көрсетілген қаулымен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетілетін азаматтарға әлеуметтік көмек беру мөлшері, көздері және түрлері:
мынадай мазмұндағы 7-1-тармақпен толықтырылсын:
«7-1. Орта білім беру ұйымдарының мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан білім алушыларын және жетім балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды мектепте тамақтандыру нормалары әлеуметтік көмек көрсетілетін азаматтарға әлеуметтік көмек беру мөлшеріне, көздеріне, түрлеріне 15-қосымшаға сәйкес белгіленеді.»;
осы қаулыға қосымшаға сәйкес көрсетілген мөлшерге 15-қосымшамен толықтырылсын.
2 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
1 Орта білім беру ұйымдарының мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан білім алушыларын және жетім балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды мектепте бір мәрте тамақтандыру нормалары
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2015 жылғы 25 сәуірдегі
№ 326 қаулысына
қосымша
Әлеуметтік көмек көрсетілетін
азаматтарға әлеуметтік көмек беру
мөлшеріне, көздеріне және түрлеріне
15-қосымша
Орта білім беру ұйымдарының мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан білім алушыларын және жетім балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды мектепте бір мәрте тамақтандыру нормалары
Атауы
Мектеп жасындағы бір балаға норма
(6 күнге арналып есептелген бір күндік грамм)
6 (7)-10 жас
11-14 жас
15-18 жас
1
2
3
4
Өнімдер
бидай ұны
4
5
7
қара бидай-бидай наны
20
35
40
қалыпты бидай наны
3
4
5
кептірілген нан
2
2,3
3
макароны, бұршақ, жарма
26
35
42
картоп
42
50
57
көкөніс және басқа көкөністер
84
100
118
жаңа піскен жеміс
100
100
100
жеміс шырыны
33
33
33
кептірілген жеміс (құрғақ итмұрын)
1
1
1
қант
7
8
9
бал
5
5
5
ет (сиыр еті)
61
73
80
құс еті
28
33
40
жаңа ауланған балық
22
26
28
сүт, қышқыл сүт өнімдері
106
107
108
сүзбе
12
14
16
сүзбеше
50
50
50
1
2
3
4
ірімшік
2
3
3
сары май
5
6
8
жұмыртқа
1
3
3
өсімдік майы
11
14
15
кисель
4
4
4
картоп крахмалы
2
2
2
йодталған тұз
1
1,5
2
лимон қышқылы
0,2
0,2
0,2