Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ Министра охраны окружающей среды Республики Казахстан от 12 января 2012 года № 6-ө "Об утверждении Методики по проведению газового мониторинга для каждой секции полигона твердых бытовых отходов"

Бұйрық · № 26 · қабылданған 25.01.2016
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/12-2012-no-6/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ Министра охраны окружающей среды Республики Казахстан от 12 января 2012 года № 6-ө "Об утверждении Методики по проведению газового мониторинга для каждой секции полигона твердых бытовых отходов" Күшін жойған Бұйрық ·№ 26 ·25.01.2016
14.09.2021 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 14.09.2021. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в приказ Министра охраны окружающей среды Республики Казахстан от 12 января 2012 года № 6-ө "Об утверждении Методики по проведению газового мониторинга для каждой секции полигона твердых бытовых отходов"

Күшін жойған Бұйрық ·№ 26 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ Министра охраны окружающей среды Республики Казахстан от 12 января 2012 года № 6-ө "Об утверждении Методики по проведению газового мониторинга для каждой секции полигона твердых бытовых отходов"
Атауы (қаз.)
"Қатты тұрмыстық қалдықтар полигонының әрбір секциясына арналған газ мониторингін жүргізу жөніндегі әдістемені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2012 жылғы 12 қаңтардағы № 6-ө бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
26
Қабылданған күні
25.01.2016
Көрсетілген редакция
14.09.2021 100095_538774.kaz
Соңғы өзгеріс
14.09.2021
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1600013329
ЭКБ идентификаторы
100095
Редакция идентификаторы
100095_538774
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 10:55

0 «Қатты тұрмыстық қалдықтар

полигонының әрбір секциясына
арналған газ мониторингін жүргізу
жөніндегі әдістемені бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Қоршаған
ортаны қорғау министрінің
2012 жылғы 12 қаңтардағы № 6-ө
бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Қатты тұрмыстық қалдықтар полигонының әрбір секциясына арналған газ мониторингін жүргізу жөніндегі әдістемені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау Министрінің 2012 жылғы 12 қаңтардағы № 6-ө бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 7411 болып тіркелген, 2012 жылғы 29 мамырда № 274-278 (27352) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
бұйрықтың атауы мынадай редакцияда жазылсын:
«Тұрмыстық қатты қалдықтар полигонының әрбір секциясы үшін газ мониторингін жүргізу жөніндегі әдістемені бекіту туралы»
бұйрықтың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қоса беріліп отырған Тұрмыстық қатты қалдықтар полигонының әрбір секциясы үшін газ мониторингін жүргізу жөніндегі әдістемесі бекітілсін.»
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қатты тұрмыстық қалдықтар полигонының әрбір секциясына арналған газ мониторингін жүргізу жөніндегі әдістемеде:
18-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«18. Атмосфералық ауаның жай-күйіне бақылау жүргізу нәтижелері «Өндірістік экологиялық бақылау нәтижелері бойынша есептемеге қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2013 жылғы 14 наурыздағы № 16-ө бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8376 болып тіркелген) бекітілген өндірістік экологиялық бақылау нысаны бойынша есеп түрінде ресімделеді.».

2 2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Қалдықтарды басқару департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2

2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгенінен кейін он күнтізбелік күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актiлерінің Эталондық бақылау банкіне қосу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

3 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;

4

4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы