Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в решение Железинского районного маслихата от 12 декабря 2012 года № 67-5/9 "О назначении социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан Железинского района"

Өзге акт · № 107-5/14 · қабылданған 18.04.2013
Заңдық күші: Қолданыста · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/12-2012-no-67-59/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в решение Железинского районного маслихата от 12 декабря 2012 года № 67-5/9 "О назначении социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан Железинского района" Қолданыста Өзге акт ·№ 107-5/14 ·18.04.2013
21.01.2015 редакциясы
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 21.01.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнений в решение Железинского районного маслихата от 12 декабря 2012 года № 67-5/9 "О назначении социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан Железинского района"

Қолданыста Өзге акт ·№ 107-5/14 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в решение Железинского районного маслихата от 12 декабря 2012 года № 67-5/9 "О назначении социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан Железинского района"
Атауы (қаз.)
Железинка аудандық мәслихатының 2012 жылғы 12 желтоқсандағы № 67-5/9 "Железинка ауданының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
107-5/14
Қабылданған күні
18.04.2013
Көрсетілген редакция
21.01.2015 AI72354_2.kaz
Соңғы өзгеріс
21.01.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V13PF003528
ЭКБ идентификаторы
72354
Редакция идентификаторы
AI72354_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 23:14

0 Железинка аудандық мәслихатының 2012 жылғы 12 желтоқсандағы № 67-5/9 "Железинка ауданының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет Кодексінің 56-бабы 1-тармағы 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 20-бабына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 11-бабы 2-тармағы 3) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 394 қаулысымен бекітілген "Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу" мемлекеттік қызмет стандартына сәйкес және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету мақсатында Железинка аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:

1

1. Железинка аудандық мәслихатының 2012 жылғы 12 желтоқсандағы № 67-5/9 "Железинка ауданының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2013 жылғы 9 қатарда № 3323 тіркелген, 2013 жылғы 19 қаңтарда "Родные просторы" газетінің № 3, 2013 жылғы 19 қаңтарда "Туған өлке" газетінің № 3 жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
бүкіл мәтін бойынша "салық төлеушінің тіркеу нөмірі," деген сөздер алынып тасталсын;
бүкіл мәтін бойынша "Қазпошта" акционерлік қоғамының пошта бөлімінің немесе екінші деңгейлі банктердің" деген сөздер "екінші деңгейлі банктердің, сондай-ақ банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыруға тиісті лицензиясы бар ұйымдардағы" деген сөздермен ауыстырылсын;
тақырыбында "санаттарына" деген сөзден кейін "2013 жылға" деген сөз және цифрлармен толықтырылсын;
1-тармақтың 5) тармақшасында "атап айтқанда" деген сөздер "соның ішінде" деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақта "10000 (он мың)" деген сөздер "75000 (жетпіс бес мың)" деген сөздермен ауыстырылсын;
5-тармақтың 1) тармақшасында "10000 (он мың)" деген сөздер "30000 (отыз мың)" деген сөздермен ауыстырылсын;
7-тармақ мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын "5) 1-тармақтың 9) тармақшасының бірінші абзацында көрсетілген санаттар үшін оқу кезеңіне 10000 (он мың) теңге мөлшерінде ай сайынғы материалдық көмек – жеке сәйкестендіру нөмірі, екінші деңгейлі банктердің, сондай-ақ банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыруға тиісті лицензиясы бар ұйымдардағы жеке есепшот нөмірі көрсетілген өтініш, жеке куәлік, азаматтардың тіркелу кітабы немесе мекен-жай анықтама бюросынан анықтаманың көшірмелері негізінде.".

2 2. Железинка аудандық мәслихатының бұрын қабылданған 2013 жылғы 1 сәуірдегі № 104-5/13 "Железинка ауданының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау туралы" шешімі алып тасталсын.

3 3. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың әлеуметтік-экономикалық даму және бюджеттік тұрақты комиссиясына жүктелсін.

4 4. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы