О внесении изменений в постановление акимата Кармакшинского района от 12 июля 2013 года за N 8 "Об определении мест для осуществления выездной торговли в Кармакшинском районе"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в постановление акимата Кармакшинского района от 12 июля 2013 года за N 8 "Об определении мест для осуществления выездной торговли в Кармакшинском районе"
- Атауы (қаз.)
- "Қармақшы ауданында көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін орындарды белгілеу туралы" Қармақшы ауданы әкімдігінің 12 шілде 2013 жылғы N 8 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 267
- Қабылданған күні
- 18.02.2014
- Көрсетілген редакция
- 21.07.2016 78055_114350.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 21.07.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V14LE004616
- ЭКБ идентификаторы
- 78055
- Редакция идентификаторы
- 78055_114350
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 20:51
0 "Қармақшы ауданында көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін орындарды белгілеу туралы" Қармақшы ауданы әкімдігінің 12 шілде 2013 жылғы N 8 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 Заңына және "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы N 213 Заңына сәйкес Қармақшы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Қармақшы ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 12 шілдедегі N 8 "Қармақшы ауданында көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін орындарды белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 4489 нөмірімен тіркелген, 2013 жылы 9 қарашада "Қармақшы таңы" газетінде жарияланған) қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
қаулының орыс тіліндегі мәтінінің кіріспе бөлігіне өзгеріс енгізіліп, мемлекеттік тіліндегі мәтіні өзгеріссіз қалдырылсын.
3-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.";
аталған қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
3 Қармақшы ауданы әкімдігінің
2014 жылғы "18" ақпандағы
N 267 қаулысына қосымша
Қармақшы ауданы әкімдігінің
2013 жылғы "12" шілдедегі
N 8 қаулысына қосымша
Қармақшы ауданында көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін орындар
р/с
Елді мекеннің атауы
Орналасатын орны
1
Жосалы кенті
"Шымкент-Самара" трассасы мен Е.Көшербаев көшесінің қиылысында орналасқан аялдаманың оңтүстік жағы
2
Жосалы кенті
Өміров көшесінің бойындағы орналасқан бұрынғы "Бесаспап" базарының солтүстік-батыс жағы
3
Жосалы кенті
Е.Сексенбаев көшесінің бойында орналасқан әскери күзет мекемесіне қарама-қарсы алаң
4
Төретам кенті
Жаңқожа батыр көшесінің бойында орналасқан N 4, 6, 8, 10, 12, 14, 16, 18 үйлердің батыс жағы
5
Ақай ауылдық округі
Ақай ауылы, Абай көшесінің бойындағы N 9 ғимараттың батыс жағы
6
Қармақшы ауылдық округі
Қармақшы ауылы, Жеңіс көшесінің бойында орналасқан N 1, 3, 5 үйлердің батыс жағы
7
Жосалы ауылдық округі, Төребай би ауылы
Төребай би ауылы, П.Байшораұлы көшесінің бойында орналасқан N 17, 19 үйлердің оңтүстік жағы
8
Иіркөл ауылдық округі
Иіркөл ауылы, Е.Құрманбаев көшесі бойында орналасқан N 13-18 үйлердің оңтүстік жағы
9
Жаңажол ауылдық округі, Дұр Оңғар ауылы
Дұр Оңғар ауылы, Дұр Оңғар көшесінің бойында орналасқан N 25 үйдің шығыс жағы
10
ІІІ-интернационал ауылдық округі
ІІІ-интернационал ауылы, Астана көшесінің бойында орналасқан N 2, 5 үйлердің батыс жағы
11
Ақтөбе ауылдық округі
Ақтөбе ауылы, Самара-Шымкент трассасының Ақтөбе ауылына кіре берісіндегі жолдың солтүстік жағы
12
Ақжар ауылдық округі
Ақжар ауылы, Қ.Ізтелеуов көшесі бойында орналасқан N 22, 24 үйлердің солтүстік жағы
13
Дауылкөл ауылдық округі, Тұрмағамбет ауылы
Тұрмағамбет ауылы, Ешнияз Сал көшесінің бойында орналасқан N 30 үйдің оңтүстік жағы
14
Алдашбай Ахун ауылдық округі
Алдашбай Ахун ауылы, О.Шораяқұлы мен Ә.Егізбаев көшелерінің қиылысының солтүстік-батыс жағы
15
Қуандария ауылдық округі
Қуандария ауылы, Ә.Төртбаев көшесінің бойында N 5, 7, 9 үйлердің солтүстік жағы
16
Т.Көмекбаев ауылдық округі
Т.Көмекбаев ауылы, Ү.Аяпов көшесінің бойында орналасқан N 21 үйдің оңтүстік жағы