О внесении изменений и дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 12 ноября 2013 года № 1217 «Об утверждении типового паспорта антитеррористической защищенности объектов, уязвимых в террористическом отношении»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 12 ноября 2013 года № 1217 «Об утверждении типового паспорта антитеррористической защищенности объектов, уязвимых в террористическом отношении»
- Атауы (қаз.)
- «Террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуының үлгілік паспортын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 12 қарашадағы № 1217 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 698
- Қабылданған күні
- 23.10.2020
- Көрсетілген редакция
- 01.09.2023 147739_653936.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 01.09.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P2000000698
- ЭКБ идентификаторы
- 147739
- Редакция идентификаторы
- 147739_653936
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 12:11
0 «Террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуының үлгілік паспортын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 12 қарашадағы № 1217 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуының үлгілік паспортын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 12 қарашадағы № 1217 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 65, 887-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуының үлгілік паспортында (бұдан әрі – үлгілік паспорт):
1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«1-тарау. Объект туралы жалпы мәліметтер»;
1-тармақтың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«7) басшының, басшы орынбасарының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) (жұмыс, үй және ұялы телефондары)»;
2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«2-тарау. Объектінің сипаты»;
3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«3-тарау. Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын объектілердің терроризмге қарсы қорғалу жүйесіне қойылатын талаптарға сәйкес объектінің инженерлік-техникалық жарақтандырылуы және терроризмге қарсы қорғалуы туралы мәліметтер»;
11 және 12-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«11. Объекті қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жұмылдырылған адамдардың (оның ішінде жеке күзет ұйымы, тәуліктік жасақ, қарауыл, кезекші жауынгерлік ауысым жұмыскерлерінің) саны:
Жұмылдырылған жұмыскерлердің, қызметкерлердің, әскери қызметшілердің барлығы: __;
күндізгі ауысымға: ____ ___сағат__минуттан ___сағат___ минутқа дейін;
түнгі ауысымға: ____ ___сағат__минуттан ___сағат___ минутқа дейін;
тәулік бойы: ____ ___сағат__минуттан ___сағат___ минутқа дейін.
12. Объекті қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жұмылдырылған, оның ішінде тәуліктік жасақтағы, қарауылдағы, кезекші жауынгерлік ауысымдағы жеке күзет ұйымы жұмыскерлерінде, қызметкерлерде, әскери қызметшілерде қару-жарақ пен арнайы құралдардың болуы:
қызметтік, табельдік атыс қаруы _______ бірлік.
арнайы құралдар ________________________________________________;
(әрбір түрінің және моделінің атауы мен саны көрсетілсін)
қызметтік (қарауылдық) иттердің саны ___________________________.»;
4-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«4-тарау. Объектінің жоспары (паспорттың ажырамас бөлігі болып табылатын жеке қосымшамен ресімделеді)»;
16-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«5) күзет, тәуліктік жасақтар, қарауыл, кезекші жауынгерлік ауысым қызмет өткеретін бекеттер, сондай-ақ техникалық бақылау құралдары, күзет сигнализациясы, бейнебақылау камералары орналастырылған жерлер;»
5-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«5-тарау. Объекті ғимараттарының (құрылыстарының) қабат бойынша жоспары (паспорттың ажырамас бөлігі болып табылатын жеке қосымшамен ресімделеді)»;
17-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
3) күзет, тәуліктік жасақтар, қарауыл, кезекші жауынгерлік ауысым қызмет өткеретін бекеттерінің орналасуы;»;
6-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«6-тарау. Объекті ғимараттарының (құрылыстарының) инженерлік коммуникациялық схемалары (паспорттың ажырамас бөлігі болып табылатын жеке қосымшамен ресімделеді)»;
Үлгілік паспорт мынадай мазмұндағы ескертпемен толықтырылсын:
«Ескертпе. Ішкі істер органдарының мемлекеттік бақылауына жатпайтын террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуының паспорттары «Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ішкі істер органдарының тиісті аумақтық бөліністері басшыларымен келісуге жатпайды.».