Құжат мәтініне өту

О внесении дополнений и изменения в решение Целиноградского районного маслихата от 12 сентября 2013 года № 142/20-5 "Об утверждении правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан в Целиноградском районе"

Ереже · № 169/23-5 · қабылданған 06.12.2013
Заңдық күші: Күшін жойған · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/12-2013-no-14220-5-ekb-76433/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
О внесении дополнений и изменения в решение Целиноградского районного маслихата от 12 сентября 2013 года № 142/20-5 "Об утверждении правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан в Целиноградском районе" Күшін жойған Ереже ·№ 169/23-5 ·06.12.2013
23.10.2017 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 23.10.2017. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении дополнений и изменения в решение Целиноградского районного маслихата от 12 сентября 2013 года № 142/20-5 "Об утверждении правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан в Целиноградском районе"

Күшін жойған Ереже ·№ 169/23-5 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении дополнений и изменения в решение Целиноградского районного маслихата от 12 сентября 2013 года № 142/20-5 "Об утверждении правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан в Целиноградском районе"
Атауы (қаз.)
Целиноград аудандық мәслихатының 2013 жылғы 12 қыркүйектегі № 142/20-5 "Целиноград ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне толықтырулар мен өзгеріс енгізу туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
169/23-5
Қабылданған күні
06.12.2013
Көрсетілген редакция
23.10.2017 76433_250661.kaz
Соңғы өзгеріс
23.10.2017
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V13BQ003936
ЭКБ идентификаторы
76433
Редакция идентификаторы
76433_250661
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 21:41

0 Целиноград аудандық мәслихатының 2013 жылғы 12 қыркүйектегі № 142/20-5 "Целиноград ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне толықтырулар мен өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 56 бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 6 бабы 2-3 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысымен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларына сәйкес, Целиноград аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

1

1. Целиноград аудандық мәслихатының «Целиноград ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» 2013 жылғы 12 қыркүйектегі № 142/20-5 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3824 болып тіркелген, 2013 жылғы 11 қазанда «Ақмол ақпараты», «Вести Акмола» аудандық газеттерінде жарияланған) шешіміне келесі толықтырулар мен өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Целиноград ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында:
7 тармақ 3) тармақшамен толықтырылсын:
«3) Мүгедектер күні – қазанның екінші жексенбісі.»;
8 тармақта:
«ең төмен зейнетақыны алатын және жасы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыны алатын зейнеткерлерге;» азат жолынан кейін келесі мазмұндағы азат жолымен толықтырылсын:
«1, 2, 3-топтағы мүгедектерге, 18 жасқа дейінгі мүгедек балаларға;»;
9 тармақта:
2-1) тармақшасымен толықтырылсын:
«2-1) Мүгедектер күніне:
1, 2, 3-топтағы мүгедектерге, 18 жасқа дейінгі мүгедек балаларға;»;
5) тармақша жаңа редакцияда баяндалсын:
«5) коммуналдық қызмет шығындары үшін өтініш берусіз уәкілетті ұйыммен ұсынылған тізімдерінің негізінде:
екінші дүниежүзілік соғыс кезінде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерлердің, геттолардың және басқа да еріксіз ұстау орындарының жасы кәмелетке толмаған бұрынғы тұтқындарына, ай сайын, бір айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, ай сайын, облыстық бюджеттен бөлінетін нысаналы трансферттер есебінен жүз пайыз мөлшерінде:
сумен, канализация, жылумен, қоқыстарды жою, электр қуатымен қамтамасыз ету қызметтерін көрсеткендері үшін қызмет көрсетушілері берген тізілімдеріне сай алушының өтініші бойынша қызмет көрсетушілердің шоттарына;
байланыс қызметтері (абоненттік төлемақы), газбен қамтамасыз ету алушылардың жеке шоттарына.
Әлеуметтік көмекті алушының қалауы бойынша қатты отынға жұмсалған шығындар жылу беру мерзімінде Ұлы Отан соғысы қатысушының немесе мүгедектің нақты тұрып жатқан жері бойынша тұрғын үйдің алып жатқан алаңына сай 1 шаршы метр алаңын жылытуға қажетті көмірдің шығынын есептегенде тұрғын үй ғимараттарының 1-2 қабатты құрылыстары үшін 49,75 килограмм мөлшерінде алушылардың жеке шотына немесе қатты отынды сатып алғаны жөнінде ұсынылған түбіртектеріне сай өтеледі.
Әлеуметтік көмек онымен бірге тұратын және тіркелген отбасы мүшелеріне де көрсетіледі, оларға жеңілдіктер Ұлы Отан соғысының қатысушысы оларды пайдаланып жүргенге дейін тарайды.».

2 2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Целиноград ауданының әкімі Б.Мәуленов

Қолданыстағы