О внесении изменений в решение городского маслихата от 12 декабря 2013 года № 16/152 "О городском бюджете на 2014-2016 годы"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение городского маслихата от 12 декабря 2013 года № 16/152 "О городском бюджете на 2014-2016 годы"
- Атауы (қаз.)
- Қалалық мәслихаттың 2013 жылғы 12 желтоқсандағы № 16/152 "2014-2016 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 25/234
- Қабылданған күні
- 24.11.2014
- Көрсетілген редакция
- 24.11.2014 84664_290653.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 24.11.2014
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V14MA002530
- ЭКБ идентификаторы
- 84664
- Редакция идентификаторы
- 84664_290653
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 17:51
0 Қалалық мәслихаттың 2013 жылғы 12 желтоқсандағы № 16/152 "2014-2016 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына және Маңғыстау облыстық мәслихатының 2014 жылғы 19 қарашадағы № 20/297 «2014-2016 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» облыстық мәслихаттың 2013 жылғы 10 желтоқсандағы № 13/188 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2014 жылғы 20 қарашадағы № 2524 болып тіркелген) сәйкес, Ақтау қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. Қалалық мәслихаттың 2013 жылғы 12 желтоқсандағы № 16/152 «2014-2016 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы» шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2327 болып тіркелген, 2013 жылғы 31 желтоқсандағы №208-209 «Маңғыстау» газетінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
Көрсетілген шешімнің 1 тармағы келесі мазмұндағы жаңа редакцияда жазылсын:
«1. 2014-2016 жылдарға арналған қалалық бюджет қосымшаға сәйкес, соның ішінде 2014 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер – 20 470 757,4 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер бойынша – 15 010 036,4 мың теңге;
салықтық емес түсімдер бойынша – 170 964 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 616 383 мың теңге;
трансферттер түсімі бойынша – 4 673 374 мың теңге;
2) шығындар – 21 019 110,1 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу – 4 290 500 мың теңге, соның ішінде:
бюджеттік кредиттер – 4 290 500 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу – 0 мың теңге;
4) қаржы активтерiмен операциялар бойынша сальдо – 63 500 мың теңге, соның ішінде:
қаржы активтерiн сатып алу – 63 500 мың теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) – 4 902 352,7 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 4 902 352,7 мың теңге, соның ішінде:
қарыздар түсімі – 3 537 500 мың теңге;
қарыздарды өтеу – 0 мың теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 1 364 852,7 мың теңге».
2 тармақтағы екінші, үшінші абзацтар жаңа редакцияда жазылсын:
«төлем көзінен салық салынатын табыстардан ұсталатын жеке табыс салығы – 23,7 пайыз;
әлеуметтік салық – 23,8 пайыз;».
4 тармақтағы екінші, бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші, он екінші абзацтар жаңа редакцияда жазылсын:
«694 441 мың теңге – мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында мемлекеттік білім беру тапсырысын іске асыруға;
7 167 мың теңге – Жұмыспен қамту 2020 жол картасы аясындағы Жастар тәжірибесіне;
4 457 мың теңге – Жұмыспен қамту 2020 жол картасы шеңберінде еңбекақыны ішінара субсидиялауға;
5 363 мың теңге – Жұмыспен қамту 2020 жол картасы аясында кадрлардың біліктілігін арттыру мен қайта даярлауға;
12 288 мың теңге - Жұмыспен қамту 2020 жол картасы шеңберінде жұмыспен қамту орталығының қызметін қамтамасыз етуге;
13 511 мың теңге - арнаулы әлеуметтік қызмет стандарттарын енгізуге;
18 158 мың теңге – мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек төлеуге.».
Көрсетілген шешімнің 5 тармағы келесі мазмұндағы жаңа редакцияда жазылсын:
«5. 2014 жылға қалалық бюджетте жергілікті инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға республикалық бюджеттен жалпы сомасы – 2 985 217 мың теңге дамытуға арналған нысаналы трансферттер қарастырылғаны ескерілсін.».
2 2. Көрсетілген шешімнің 1 қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
3 3. Ақтау қалалық мәслихатының аппарат басшысы (Д.Телегенова) осы шешім Маңғыстау облыстық әділет департаментінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін, «Әділет» Қазақстан Республикасының ақпараттық-құқықтық жүйесінің интернет-ресурсында жариялануын қамтамасыз етсін.
4 4. Осы шешімнің орындалуын бақылау қалалық мәслихаттың экономика және бюджет мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияға (С.Кутепов) жүктелсін.
5 5. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі, 2014 жылдың 1 қаңтарынан басталатын қатынастарға қатысты таралады.
«КЕЛІСІЛДІ»
«Ақтау қалалық экономика және
бюджеттік жоспарлау бөлімі»
мемлекеттік мекемесі басшысының
міндетін атқарушы
З. Төлеш
2014 жыл 24 қараша
6 Ақтау қалалық мәслихатының
2014 жылғы 24 қарашадағы
№ 25/234 шешіміне
қосымша
2014 жылға арналған Ақтау қаласының бюджеті
Санаты
Сомасы, мың теңге
Сыныбы
Iшкi сыныбы
Атауы
1. КІРІСТЕР
20 470 757,4
1
Салықтық түсiмдер
15 010 036,4
01
Табыс салығы
5 361 501,4
2
Жеке табыс салығы
5 361 501,4
03
Әлеуметтік салық
5 146 956
1
Әлеуметтік салық
5 146 956
04
Меншiкке салынатын салықтар
3 552 723
1
Мүлiкке салынатын салықтар
2 422 908
3
Жер салығы
283 257
4
Көлiк құралдарына салынатын салық
846 500
5
Бірыңғай жер салығы
58
05
Тауарларға, жұмыстарға және қызметтерге салынатын ішкі салықтар
536 108
2
Акциздер
35 085
3
Табиғи және басқа ресурстарды пайдаланғаны үшін түсетін түсімдер
230 923
4
Кәсiпкерлiк және кәсiби қызметті жүргiзгенi үшiн алынатын алымдар
228 100
5
Ойын бизнесіне салық
42 000
08
Заңдық мәндi iс-әрекеттердi жасағаны және (немесе) оған уәкілеттігі бар мемлекеттік органдар немесе лауазымды адамдар құжаттар бергені үшін алынатын міндетті төлемдер
412 748
1
Мемлекеттiк баж
412 748
2
Салықтық емес түсімдер
170 964
01
Мемлекеттік меншіктен түсетін кірістер
14 298,4
1
Мемлекеттiк кәсiпорындардың таза кiрiсі бөлiгiнің түсiмдері
4,4
5
Мемлекеттік меншігіндегі мүлікті жалға беруден түсетін кірістер
14 294
02
Мемлекеттiк бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттiк мекемелердiң тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткiзуiнен түсетін түсiмдер
516
1
Мемлекеттiк бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттiк мекемелердiң тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткiзуiнен түсетін түсiмдер
516
03
Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер ұйымдастыратын мемлекеттік сатып алуды өткізуден түсетін ақша түсімдері
235,6
1
Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер ұйымдастыратын мемлекеттік сатып алуды өткізуден түсетін ақша түсімдері
235,6
04
Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджетінен (шығыстар сметасынан) ұсталатын және қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер салатын айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар
131 550
1
Мұнай секторы ұйымдарынан түсетін түсімдерді қоспағанда, мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджетінен (шығыстар сметасынан) ұсталатын және қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер салатын айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар
131 550
06
Өзге де салықтық емес түсімдер
24 364
1
Өзге де салықтық емес түсімдер
24 364
3
Негізгі капиталды сатудан түсетiн түсімдер
616 383
01
Мемлекеттiк мекемелерге бекітілген мемлекеттiк мүлiктi сату
139 000
1
Мемлекеттiк мекемелерге бекітілген мемлекеттiк мүлiктi сату
139 000
03
Жерді және материалдық емес активтерді сату
477 383
1
Жерді сату
458 383
2
Материалдық емес активтерді сату
19 000
4
Трансферттердің түсімдері
4 673 374
02
Мемлекеттік басқарудың жоғары тұрған органдарынан түсетін трансферттер
4 673 374
2
Облыстық бюджеттен түсетін трансферттер
4 673 374
Функционалдық топ
Сомасы, мың тенге
Бюджеттік бағдарлама әкімшілігі
Бағдарлама
Атауы
2. ШЫҒЫНДАР
21 019 110,1
01
Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер
176 217,6
112
Аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының аппараты
18 999
001
Аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер
18 939
003
Мемлекеттік органның күрделі шығыстары
60
122
Аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімінің аппараты
94 232
001
Аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімінің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер
93 096
003
Мемлекеттік органның күрделі шығыстары
1 136
123
Қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімінің аппараты
20 625
001
Қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімінің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер
19 725
022
Мемлекеттік органның күрделі шығыстары
900
452
Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) қаржы бөлімі
29 887,6
001
Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетін орындау және ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) коммуналдық меншігін басқару саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер
19 778
003
Салық салу мақсатында мүлікті бағалауды жүргізу
4 711
010
Жекешелендіру, коммуналдық меншікті басқару, жекешелендіруден кейінгі қызмет және осыған байланысты дауларды реттеу
1 500,6
011
Коммуналдық меншікке түскен мүлікті есепке алу, сақтау, бағалау және сату
3 538
018
Мемлекеттік органның күрделі шығыстары
360
453
Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі
12 474
001
Экономикалық саясатты, мемлекеттік жоспарлау жүйесін қалыптастыру және дамыту және ауданды (облыстық маңызы бар қаланы) басқару саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер
11 979
004
Мемлекеттік органның күрделі шығыстары
495
02
Қорғаныс
21 488
122
Аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімінің аппараты
21 488
005
Жалпыға бірдей әскери міндетті атқару шеңберіндегі іс-шаралар
21 488
03
Қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік, құқықтық, сот, қылмыстық-атқару қызметі
58 521
485
Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі
37 507
021
Елдi мекендерде жол қозғалысы қауiпсiздiгін қамтамасыз ету
37 507
467
Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) құрылыс бөлімі
21 014
066
Қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздік объектілерін салу
21 014
04
Білім беру
9 327 190
123
Қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімінің аппараты
18 085
005
Ауылдық жерлерде балаларды мектепке дейін тегін алып баруды және кері алып келуді ұйымдастыру
18 085
464
Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) білім бөлімі
8 876 250
001
Жергілікті деңгейде білім беру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер
24 821
003
Жалпы білім беру
4 534 884
005
Ауданның (облыстык маңызы бар қаланың) мемлекеттік білім беру мекемелер үшін оқулықтар мен оқу-әдiстемелiк кешендерді сатып алу және жеткізу
125 144
006
Балаларға қосымша білім беру
312 655
007
Аудандық (қалалық) ауқымдағы мектеп олимпиадаларын және мектептен тыс іс-шараларды өткiзу
20 257
009
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының қызметін қамтамасыз ету
1 631 674
012
Мемлекеттік органның күрделі шығыстары
3 928
015
Жетім баланы (жетім балаларды) және ата-аналарының қамқорынсыз қалған баланы (балаларды) күтіп-ұстауға қамқоршыларға (қорғаншыларға) ай сайынғы ақшалай қаражат төлемі
41 930
040
Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында мемлекеттік білім беру тапсырысын іске асыруға
694 441
067
Ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерінің және ұйымдарының күрделі шығыстары
1 486 516
467
Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) құрылыс бөлімі
432 855
037
Білім беру объектілерін салу және реконструкциялау
432 855
06
Әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамсыздандыру
754 802
123
Қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімінің аппараты
238
003
Мұқтаж азаматтарға үйінде әлеуметтік көмек көрсету
238
451
Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі
744 499
001
Жергілікті деңгейде халық үшін әлеуметтік бағдарламаларды жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуді іске асыру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер
54 435
002
Жұмыспен қамту бағдарламасы
87 207
005
Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек
35 472
006
Тұрғын үйге көмек көрсету
20 232
007
Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген топтарына әлеуметтік көмек
358 694
010
Үйден тәрбиеленіп оқытылатын мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз ету
6 750
011
Жәрдемақыларды және басқа да әлеуметтік төлемдерді есептеу, төлеу мен жеткізу бойынша қызметтерге ақы төлеу
2 068
013
Белгіленген тұрғылықты жері жоқ тұлғаларды әлеуметтік бейімдеу
43 406
014
Мұқтаж азаматтарға үйде әлеуметтік көмек көрсету
85 714
016
18 жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақылар
10 700
017
Мүгедектерді оңалту жеке бағдарламасына сәйкес, мұқтаж мүгедектерді міндетті гигиеналық құралдармен және ымдау тілі мамандарының қызмет көрсетуін, жеке көмекшілермен қамтамасыз ету
35 475
067
Ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерінің және ұйымдарының күрделі шығыстары
4 346
464
Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) білім бөлімі
8 927
008
Жергілікті өкілді органдардың шешімі бойынша білім беру ұйымдарының күндізгі оқу нысанында оқитындар мен тәрбиеленушілерді қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдікпен жол жүру түрінде әлеуметтік қолдау
8 927
485
Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі
1 138
050
Мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі іс-шаралар жоспарын іске асыру
1 138
07
Тұрғын үй -коммуналдық шаруашылық
6 342 465
123
Қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімінің аппараты
28 237
008
Елді мекендердегі көшелерді жарықтандыру
5 213
009
Елді мекендердің санитариясын қамтамасыз ету
12 044
011
Елді мекендерді абаттандыру мен көгалдандыру
6 552
027
Жұмыспен қамту 2020 жол картасы бойынша қалаларды және ауылдық елді мекендерді дамыту шеңберінде объектілерді жөндеу және абаттандыру
4 428
467
Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) құрылыс бөлімі
4 605 875
003
Коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғын үйін жобалау, салу және (немесе) сатып алу
393 399
004
Инженерлік коммуникациялық инфрақұрылымды жобалау,дамыту, жайластыру және (немесе) сатып алу
2 948 617
005
Коммуналдық шаруашылығын дамыту
26 104
006
Сумен жабдықтау және су бұру жүйесін дамыту
1 227 755
007
Қаланы және елді мекендерді абаттандыруды дамыту
10 000
487
Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекция бөлімі
1 708 353
001
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй қоры саласында жергілікті деңгейде мемлекеттік саясатты іске асыру бойынша қызметтер
51 019
003
Мемлекеттік органның күрделі шығыстары
700
005
Мемлекеттік тұрғын үй қорын сақталуды ұйымдастыру
54
006
Азаматтардың жекелеген санаттарын тұрғын үймен қамтамасыз ету
147 347
010
Кондоминиум объектілеріне техникалық паспорттар дайындау
20 810
017
Елді мекендердің санитариясын қамтамасыз ету
341 209
025
Елді мекендердегі көшелерді жарықтандыру
164 286
026
Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) коммуналдық меншігіндегі жылу жүйелерін қолдануды ұйымдастыру
40 000
030
Елді мекендерді абаттандыру және көгалдандыру
866 604
031
Жерлеу орындарын ұстау және туыстары жоқ адамдарды жерлеу
12 867
032
Ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың күрделі шығыстары
63 457
08
Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік
1 242 433
123
Қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімінің аппараты
2 500
006
Жергілікті деңгейде мәдени-демалыс жұмыстарын қолдау
1 500
028
Жергілікті деңгейде дене шынықтыру – сауықтыру және спорттық іс-шараларды іске асыру
1 000
455
Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі
1 074 132
001
Жергілікті деңгейде тілдерді және мәдениетті дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер
9 580
003
Мәдени-демалыс жұмысын қолдау
223 297
006
Аудандық (қалалық) кітапханалардың жұмыс істеуі
30 810
007
Мемлекеттік тілді және Қазақстан халықтарының басқа да тілдерін дамыту
5 000
009
Тарихи-мәдени мұра ескерткіштерін сақтауды және оларға қол жетімділікті қамтамасыз ету
15 000
032
Ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерінің және ұйымдарының күрделі шығыстары
790 445
456
Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) ішкі саясат бөлімі
118 373
001
Жергілікті деңгейде ақпарат, мемлекеттілікті нығайту және азаматтардың әлеуметтік сенімділігін қалыптастыру саласында мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер
24 071
002
Газеттер мен журналдар арқылы мемлекеттік ақпараттық саясат жүргізу жөніндегі қызметтер
4 280
003
Жастар саясаты саласында іс-шараларды iске асыру
74 765
005
Телерадио хабарларын тарату арқылы мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі қызметтер
15 257
465
Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) дене шынықтыру және спорт бөлімі
41 428
001
Жергілікті деңгейде дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер
12 323
006
Аудандық (облыстық маңызы бар қалалық) деңгейде спорттық жарыстар өткізу
17 470
007
Әртүрлі спорт түрлері бойынша аудан (облыстық маңызы бар қала) құрама командаларының мүшелерін дайындау және олардың облыстық спорт жарыстарына қатысуы
11 635
467
Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) құрылыс бөлімі
6 000
008
Спорт объектілерін дамыту
6 000
09
Отын-энергетика кешені және жер қойнауын пайдалану
1 083 787
467
Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) құрылыс бөлімі
1 083 787
009
Жылу-энергетикалық жүйені дамыту
925 349
036
Газ тасымалдау жүйесін дамыту
158 438
10
Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған ортаны және жануарлар дүниесін қорғау, жер қатынастары
30 757
453
Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі
521
099
Мамандардың әлеуметтік көмек көрсетуі жөніндегі шараларды іске асыру
521
475
Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі
11 061
007
Қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулауды және жоюды ұйымдастыру
5 144
012
Ауыл шаруашылығы жануарларын сәйкестендіру жөніндегі іс-шараларды өткізу
4 968
013
Эпизоотияға қарсы іс-шаралар жүргізу
949
463
Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жер қатынастары бөлімі
19 175
001
Аудан (облыстық манызы бар қала) аумағында жер қатынастарын реттеу саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер
19 175
11
Өнеркәсіп, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі
92 067
467
Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) құрылыс бөлімі
25 358
001
Жергілікті деңгейде құрылыс саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер
24 783
017
Мемлекеттік органның күрделі шығыстары
575
468
Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) сәулет және қала құрылысы бөлімі
66 709
001
Жергілікті деңгейде сәулет және қала құрылысы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер
21 785
003
Аудан аумағында қала құрылысының даму схемаларын және елді мекендердің бас жоспарларын әзірлеу
43 526
004
Мемлекеттік органның күрделі шығыстары
1 398
12
Көлік және коммуникация
678 489
485
Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі
678 489
001
Жергілікті деңгейде жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер
21 459
003
Мемлекеттік органның күрделі шығыстары
994
022
Көлік инфрақұрылымын дамыту
292 384
023
Автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету
308 077
032
Ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың күрделі шығыстары
55 575
13
Басқалар
1 061 071
123
Қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімінің аппараты
17 100
040
«Өңірлерді дамыту» Бағдарламасы шеңберінде өңірлерді экономикалық дамытуға жәрдемдесу бойынша шараларды іске асыру
17 100
475
Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі
28 171
001
Жергілікті деңгейде кәсіпкерлікті, ауыл шаруашылығы мен ветеринарияны дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер
18 231
014
Кәсіпкерлік қызметті қолдау
9 940
452
Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) қаржы бөлімі
20 000
012
Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органының резерві
20 000
453
Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі
5 800
003
Жергілікті бюджеттік инвестициялық жобалардың және концессиялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемелерін әзірлеу және оған сараптама жүргізу
5 800
467
Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) құрылыс бөлімі
340 000
077
"Өңірлерді дамыту" бағдарламасы шеңберінде инженерлік инфрақұрылымын дамыту
340 000
487
Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекция бөлімі
650 000
060
Мамандандырылған уәкілетті ұйымдардың жарғылық капиталдарын ұлғайту
650 000
14
Борышқа қызмет көрсету
219,4
452
Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) қаржы бөлімі
219,4
013
Жергілікті атқарушы органдардың облыстық бюджеттен қарыздар бойынша сыйақылар мен өзге де төлемдерді төлеу бойынша борышына қызмет көрсету
219,4
15
Трансферттер
149 603,1
452
Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) қаржы бөлімі
149 603,1
006
Нысаналы пайдаланылмаған (толық пайдаланылмаған) трансферттерді қайтару
149 603,1
3. ТАЗА БЮДЖЕТТІК КРЕДИТТЕУ
4 290 500
Бюджеттік кредиттер
4 290 500
07
Тұрғын үй -коммуналдық шаруашылық
4 290 500
467
Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) құрылыс бөлімі
4 290 500
003
Коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғын үйін жобалау, салу және (немесе) сатып алу
4 290 500
Бюджеттік кредиттерді өтеу
0
4. ҚАРЖЫ АКТИВТЕРІМЕН ОПЕРАЦИЯЛАР БОЙЫНША САЛЬДО
63 500
Қаржы активтерін сатып алу
63 500
13
Өзгелер
63 500
487
Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекция бөлімі
63 500
065
Заңды тұлғалардың жарғылық капиталын қалыптастыру немесе ұлғайту
63 500
Мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер
0
5. БЮДЖЕТ ТАПШЫЛЫҒЫ (ПРОФИЦИТІ)
-4 902 352,7
6. БЮДЖЕТ ТАПШЫЛЫҒЫН ҚАРЖЫЛАНДЫРУ (ПРОФИЦИТІН ПАЙДАЛАНУ)
4 902 352,7
Қарыздар түсімі
3 537 500
Қарыздарды өтеу
0
Бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары
1 364 852,7