О внесении изменений и дополнений в решение Саранского городского маслихата от 12 декабря 2013 года № 279 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан города Сарани и поселка Актас»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнений в решение Саранского городского маслихата от 12 декабря 2013 года № 279 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан города Сарани и поселка Актас»
- Атауы (қаз.)
- Саран қалалық мәслихатының 2013 жылғы 12 желтоқсандағы «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерін белгілеудің және Саран қаласы мен Ақтас кентінің мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» № 279 шешіміне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 540
- Қабылданған күні
- 19.02.2016
- Көрсетілген редакция
- 23.11.2023 100371_668624.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 23.11.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V16KG003724
- ЭКБ идентификаторы
- 100371
- Редакция идентификаторы
- 100371_668624
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 10:25
0 Саран қалалық мәслихатының
2013 жылғы 12 желтоқсандағы
«Әлеуметтік көмек көрсетудің,
оның мөлшерін белгілеудің және
Саран қаласы мен Ақтас кентінің
мұқтаж азаматтарының жекелеген
санаттарының тізбесін айқындаудың
қағидаларын бекіту туралы» № 279
шешіміне өзгертулер мен
толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Заңына сәйкес, Саран қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Саран қалалық мәслихатының 2013 жылғы 12 желтоқсандағы «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерін белгілеудің және Саран қаласы мен Ақтас кентінің мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» № 279 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2491 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық - құқықтық жүйесінде 2014 жылы 16 қаңтарда, 2014 жылғы 17 қаңтардағы № 3 «Саран газеті» газетінде жарияланған) шешіміне келесі өзгертулер мен толықтырулар енгізілсін:
Осы шешіммен бекітілген, Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерін белгілеудің және Саран қаласы мен Ақтас кентінің мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларындағы:
1) 2 тармақтың 9) тармақшасы жаңа редакцияда мазмұндалсын:
«9) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» уәкілетті ұйым - коммерциялық емес акционерлік қоғам;»;
2) 7 тармақ жаңа редакцияда мазмұндалсын:
«7. Азаматтарды өмірлік қиын жағдай туындаған кезде мұқтаждар санатына жатқызу үшін негіз болып табылатындар:
1) азаматқа (отбасына) немесе оның мүлкіне табиғи зілзала немесе өрттің салдарынан зиян келтірілсе;
2) амбулаториялық емделу кезінде, әлеуметтік мәні бар «туберкулез» ауруы болса;
3) адамның иммунитет тапшылығы вирусын тасымалдаушы және адамның иммунитет тапшылығы вирусынан пайда болған әлеуметтік мәні бар ауруы болса;
4) күнкөріс деңгейінің 0,6 еселік мөлшерінен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табысының болуы.»;
3) 14 тармақ жаңа редакцияда мазмұндалсын:
«14. Құжаттар салыстырып тексеру үшін түпнұсқаларда және көшірмелерде ұсынылады, содан кейін құжаттардың түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.
Өтініш беруші әлеуметтік келісімшарт бойынша әлеуметтік көмек алуға өтініш білдірген жағдайда азаматпен әңгімелесу жүргізіледі. Әңгімелесу нәтижесі бойынша әңгімелесу парағы рәсімделеді және өтініш берушінің отбасылық және материалдық жағдайы туралы сауалнама толтырылады.»;
4) 24 тармақ жаңа редакцияда мазмұндалсын:
«24. Белгіленген негіздемелердің біреуі бойынша әлеуметтік көмек күнтізбелік бір жыл ішінде қайта көрсетілмейді.
Әлеуметтік келісімшарт негізіндегі әлеуметтік көмек отбасының (адамның) еңбекке қабілетті мүшелерінің жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына қатысқан шарттарда және отбасы (адам) мүшелерінің, еңбекке қабілеттілерін қоса алғанда, отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты әрекет ететін мерзім ішінде әлеуметтік бейімделуі қажет болған жағдайда көрсетіледі және ай сайын төленеді.
Отбасы белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты алты айға, бірақ отбасының еңбекке қабілетті мүшелері кәсіптік оқуын аяқтауы және (немесе) жастар практикасынан өтуі және (немесе) әлеуметтік жұмыс орындарында жұмыспен қамтылған жағдайларда болса, бір жылдан асырмай алты айға ұзарту мүмкіндігімен жасалады.».