О внесении изменения в решение Саранского городского маслихата от 12 декабря 2013 года № 279 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан города Сарани и поселка Актас»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в решение Саранского городского маслихата от 12 декабря 2013 года № 279 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан города Сарани и поселка Актас»
- Атауы (қаз.)
- Саран қалалық мәслихатының «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерін белгілеудің және Саран қаласы мен Ақтас кентінің мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» 2013 жылғы 12 желтоқсандағы № 279 шешіміне өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 39
- Қабылданған күні
- 23.06.2016
- Көрсетілген редакция
- 23.11.2023 104678_668634.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 23.11.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V16KG003889
- ЭКБ идентификаторы
- 104678
- Редакция идентификаторы
- 104678_668634
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 08:38
0 Саран қалалық мәслихатының
«Әлеуметтік көмек көрсетудің,
оның мөлшерін белгілеудің және
Саран қаласы мен Ақтас кентінің
мұқтаж азаматтарының жекелеген
санаттарының тізбесін айқындаудың
қағидаларын бекіту туралы»
2013 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 279 шешіміне өзгеріс енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына, «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 14 сәуірдегі № 215 қаулысына, «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысына сәйкес, Саран қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Саран қалалық мәслихатының «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерін белгілеудің және Саран қаласы мен Ақтас кентінің мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» 2013 жылғы 12 желтоқсандағы № 279 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2491 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылы 16 қаңтарда жарияланған, «Саран газеті» газетінде 2014 жылы 17 қаңтарда № 3 жарияланған) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:
Көрсетілген шешіммен бекітілген, Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерін белгілеудің және Саран қаласы мен Ақтас кентінің мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасындағы:
24 тармақ жаңа редакцияда жариялансын:
«24. Әлеуметтік келісімшарт негізіндегі әлеуметтік көмек отбасының (адамның) еңбекке қабілетті мүшелерінің жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына қатысқан шарттарда және отбасы (адам) мүшелерінің, еңбекке қабілеттілерін қоса алғанда, отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты әрекет ететін мерзім ішінде әлеуметтік бейімделуі қажет болған жағдайда көрсетіледі және ай сайын төленеді.
Отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты алты айға, бірақ отбасының еңбекке қабілетті мүшелері кәсіптік оқуын аяқтамаған және (немесе) жастар практикасынан өткен және (немесе) әлеуметтік жұмыс орындарында жұмыспен қамтылған жағдайда бір жылдан асырмай алты айға ұзарту мүмкіндігімен жасалады.».