О внесении изменения в решение Саранского городского маслихата от 12 декабря 2013 года № 279 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан города Сарани и поселка Актас»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в решение Саранского городского маслихата от 12 декабря 2013 года № 279 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан города Сарани и поселка Актас»
- Атауы (қаз.)
- Саран қалалық мәслихатының 2013 жылғы 12 желтоқсандағы «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерін белгілеудің және Саран қаласы мен Ақтас кентінің мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» № 279 шешіміне өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 60
- Қабылданған күні
- 28.09.2016
- Көрсетілген редакция
- 23.11.2023 106970_668640.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 23.11.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V16KG003984
- ЭКБ идентификаторы
- 106970
- Редакция идентификаторы
- 106970_668640
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 07:39
0 Саран қалалық мәслихатының
2013 жылғы 12 желтоқсандағы
«Әлеуметтік көмек көрсетудің,
оның мөлшерін белгілеудің және
Саран қаласы мен Ақтас кентінің
мұқтаж азаматтарының жекелеген
санаттарының тізбесін айқындаудың
қағидаларын бекіту туралы»
№ 279 шешіміне өзгеріс енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына, «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысына сәйкес, Саран қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Саран қалалық мәслихатының «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның
мөлшерін белгілеудің және Саран қаласы мен Ақтас кентінің мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» 2013 жылғы 12 желтоқсандағы № 279 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2491 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық - құқықтық жүйесінде 2014 жылы 16 қаңтарда жарияланған, 2014 жылы 17 қаңтардағы № 3 «Саран газеті» газетінде жарияланған) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген, Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерін белгілеудің және Саран қаласы мен Ақтас кентінің мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларындағы:
6 тармақтың 10 абзацы алынып тасталсын;
6 тармақтың 11 абзацы жаңа редакцияда жариялансын:
« 30 тамыз – Қазақстан Республикасының Конституция күні - мерекесіне - 1, 2, 3, топтағы мүгедектерге, 16 жасқа дейінгі мүгедек - балаларға.».