Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в решение Бокейординского районного маслихата от 12 июля 2013 года №11-3 «Об утверждении Правил определения размера и порядка оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) в Бокейординском районе»

Ереже · № 3-6 · қабылданған 10.08.2016
Заңдық күші: Күшін жойған · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/12-2013-no11-3/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
О внесении изменений в решение Бокейординского районного маслихата от 12 июля 2013 года №11-3 «Об утверждении Правил определения размера и порядка оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) в Бокейординском районе» Күшін жойған Ереже ·№ 3-6 ·10.08.2016
04.03.2020 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 04.03.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в решение Бокейординского районного маслихата от 12 июля 2013 года №11-3 «Об утверждении Правил определения размера и порядка оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) в Бокейординском районе»

Күшін жойған Ереже ·№ 3-6 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в решение Бокейординского районного маслихата от 12 июля 2013 года №11-3 «Об утверждении Правил определения размера и порядка оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) в Бокейординском районе»
Атауы (қаз.)
Бөкей ордасы аудандық мәслихатының 2013 жылғы 12 шілдедегі №11-3 «Бөкей ордасы ауданында аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау Қағидасын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
3-6
Қабылданған күні
10.08.2016
Көрсетілген редакция
04.03.2020 105792_447470.kaz
Соңғы өзгеріс
04.03.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V16ZD004538
ЭКБ идентификаторы
105792
Редакция идентификаторы
105792_447470
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 08:07

0 Бөкей ордасы аудандық мәслихатының 2013 жылғы 12 шілдедегі №11-3 «Бөкей ордасы ауданында аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау Қағидасын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 «Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы» қаулысына сәйкес Бөкей ордасы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1 1. Бөкей ордасы аудандық мәслихатының 2013 жылғы 12 шілдедегі

№11-3 «Бөкей ордасы ауданында аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау Қағидасын бекіту туралы» шешіміне (Нормативтік құқытық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3335 тіркелген, 2013 жылғы 30 тамыздағы «Орда жұлдызы» газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.»;
көрсетілген шешіммен бекітілген Бөкей ордасы ауданында аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау Қағидасында:
2-тармақтың бесінші абзацы алынып тасталсын;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Тұрғын үй көмегі телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының, жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үй-жайды пайдаланғаны үшін жалға алу ақысының ұлғаюы бөлігінде тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп–ұстауға арналған шығыстарға, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерін тұтынуға нормалар
шегінде ақы төлеу сомасы мен отбасының (азаматтардың) осы мақсаттарға жұмсаған шығыстарының шекті жол берілетін деңгейінің арасындағы айырма ретінде айқындалады. Тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған шығыстарға, жалға алған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін шекті жол берілетін шығыстар үлесі отбасының (азаматының) жиынтық табысынан он пайыз мөлшерінде, сонымен қатар телекоммуникация желісіне қосылған телефон
үшін абоненттік төлемақыны ұлғайту бөлігіндегі байланыс қызметі үшін шекті жол берілетін шығыстар үлесі отбасының (азаматтың) жиынтық табысынан бес пайыз мөлшерінде белгіленеді.»;
5-тармақтың оныншы абзацы алынып тасталсын.

2 2. Аудандық мәслихат аппаратының басшысы (А.Хайруллин) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы