О внесении изменений и дополнения в решение Балхашского городского маслихата от 12 июня 2014 года № 29/226 «О возмещении затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа инвалидов по индивидуальному учебному плану»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнения в решение Балхашского городского маслихата от 12 июня 2014 года № 29/226 «О возмещении затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа инвалидов по индивидуальному учебному плану»
- Атауы (қаз.)
- Балқаш қалалық мәслихатының 2014 жылғы 12 маусымдағы № 29/226 «Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өтеу туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 2/18
- Қабылданған күні
- 26.04.2023
- Көрсетілген редакция
- 26.04.2023 180433_627301.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 26.04.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V23KD640309
- ЭКБ идентификаторы
- 180433
- Редакция идентификаторы
- 180433_627301
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 19:32
0 Балқаш қалалық мәслихатының 2014 жылғы 12 маусымдағы № 29/226 «Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өтеу туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Балқаш қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
1
1. Балқаш қалалық мәслихатының «Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өтеу туралы» 2014 жылғы 12 маусымдағы №29/226 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2666 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін.
көрсетілген шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
«Мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеудің тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы»;
көрсетілген шешімнің 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
«1. Мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеудің тәртібі мен мөлшері осы шешімнің қосымшасына сәйкес айқындалсын.»;
көрсетілген шешімнің 2-тармағы алынып тасталсын;
көрсетілген шешімнің 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.»;
көрсетілген шешім осы шешімнің қосымшасына сәйкес қосымшамен толықтырылсын.
2 2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
0 Мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеудің тәртібі мен мөлшері
Балқаш қалалық
мәслихатының
2023 жылғы 26 сәуірдегі
№ 2/18
шешіміне қосымша
Балқаш қалалық
мәслихатының
2014 жылғы 12 маусымдағы
№29/226
шешіміне қосымша
Мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеудің тәртібі мен мөлшері
1
1. Осы мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеудің тәртібі мен мөлшері Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021 жылғы 25 наурыздағы № 84 «Әлеуметтік - еңбек саласында мемлекеттік қызметтерді көрсетудің кейбір мәселелері туралы» бұйрығымен бекітілген «Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22394 болып тіркелген) мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына (бұдан әрі - шығындарды өтеу қағидалары) сәйкес әзірленді.
2
2. Мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеуді (бұдан әрі - оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу) мүгедектігі бар баланың үйде оқу фактісін растайтын оқу орнының анықтамасы негізінде «Балқаш қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - ММ) жүргізеді.
3
3. Оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу (толық мемлекеттің қамсыздандыруындағы мүгедектігі бар балалардан және оларға қатысты ата-аналары ата-ана құқығынан айырылған мүгедектігі бар балалардан басқа) отбасының табысына қарамастан мүгедектігі бар балалардың ата-анасының біреуіне немесе өзге де заңды өкілдеріне беріледі.
4 4. Оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу, өтініш берілген айдан бастап мүгедектігі бар баланы үйде оқыту фактісін растайтын «Қарағанды облысы білім басқармасының «Балқаш қаласының білім бөлімі» ММ-нің анықтамасында көрсетілген мерзім аяқталған айға дейін жүргізіледі.
5 5. Оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу үшін қажетті құжаттар шығындарды өтеу қағидаларының 3-қосымшасына сәйкес ұсынылады.
6 6. Оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу мөлшері оқу жылы ішінде мүгедектігі бар әрбір балаға тоқсан сайын он айлық есептік көрсеткішке тең.
Оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу өтініш берілген айдан бастап тоқсан сайын тағайындалады және жергілікті бюджеттен қаржыландыру түсуіне қарай, ай сайын шешім қабылданған айдан кейінгі айдың 15-күніне қарай төленеді.