О внесении изменений в приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 12 ноября 2014 года № 459 «Об утверждении Правил осуществления образовательного мониторинга»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 12 ноября 2014 года № 459 «Об утверждении Правил осуществления образовательного мониторинга»
- Атауы (қаз.)
- «Білім беру мониторингін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2014 жылғы 12 қарашадағы № 459 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 134
- Қабылданған күні
- 03.06.2024
- Көрсетілген редакция
- 03.06.2024 197457_710635.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 03.06.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2400034468
- ЭКБ идентификаторы
- 197457
- Редакция идентификаторы
- 197457_710635
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 11:15
0 «Білім беру мониторингін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2014 жылғы 12 қарашадағы № 459 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1 1. «Білім беру мониторингін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2014 жылғы 12 қарашадағы № 459 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9940 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Білім беру мониторингін жүзеге асыру қағидаларында:
5-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«5. Білім беру мониторингі:
білім беру деңгейлері бойынша (мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі);
қамту бойынша (аудандық/қалалық, облыстық, республикалық, халықаралық);
ұйым нысаны бойынша (қашықтықтан, тікелей) жүзеге асырылады.»;
11-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«11. Білім беру саласындағы жергілікті атқарушы орган, меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан мектепке дейінгі ұйымдардың, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының басшылары білім беру саласындағы уәкілетті органның ақпараттандыру объектілерінде немесе онымен интеграцияланған басқа ақпараттық жүйелерде деректерді толық, дұрыс және уақтылы толтыруды ұсынады және қамтамасыз етеді.».
2 2. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Цифрландыру және мемлекеттік қызмет көрсетуді автоматтандыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуін;
2 2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;
3 3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту вице-министріне жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі
министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ғылым және жоғарғы
білім министрлігі