Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в постановление акимата Атырауской области от 12 марта 2014 года № 56 "Об утверждении регламента государственной услуги "Предоставление мер социальной поддержки специалистам в области здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры, спорта и агропромышленного комплекса, прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты"

Қаулы · № 253 · қабылданған 29.08.2014
Заңдық күші: Күшін жойған · 24.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/12-2014-no-56/on/2026-08-24/
Басып шығарылды 2026-08-24 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в постановление акимата Атырауской области от 12 марта 2014 года № 56 "Об утверждении регламента государственной услуги "Предоставление мер социальной поддержки специалистам в области здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры, спорта и агропромышленного комплекса, прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты" Күшін жойған Қаулы ·№ 253 ·29.08.2014
24.04.2015 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
24.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.04.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнений в постановление акимата Атырауской области от 12 марта 2014 года № 56 "Об утверждении регламента государственной услуги "Предоставление мер социальной поддержки специалистам в области здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры, спорта и агропромышленного комплекса, прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты"

Күшін жойған Қаулы ·№ 253 · 24.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в постановление акимата Атырауской области от 12 марта 2014 года № 56 "Об утверждении регламента государственной услуги "Предоставление мер социальной поддержки специалистам в области здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры, спорта и агропромышленного комплекса, прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты"
Атауы (қаз.)
Атырау облысы әкімдігінің 2014 жылғы 12 наурыздағы № 56 "Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
253
Қабылданған күні
29.08.2014
Көрсетілген редакция
24.04.2015 83316_63819.kaz
Соңғы өзгеріс
24.04.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V14T0003002
ЭКБ идентификаторы
83316
Редакция идентификаторы
83316_63819
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 18:42

0

Атырау облысы әкімдігінің 2014 жылғы 12 наурыздағы № 56 "Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Заңының 16-бабының 3-тармағына сәйкес Атырау облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Атырау облысы әкiмдігінің 2014 жылғы 12 наурыздағы № 56 "Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2887 тіркелген, 2014 жылғы 29 сәуірдегі "Атырау" газетінде жарияланған) келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген "Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" қаулыда және регламентте атауындағы және барлық мәтін бойынша "саласындағы" деген сөз алынып тасталсын, мемлекеттік тілдегі мәтінде "мамандарға" деген сөз "мамандарына" деген сөзбен ауыстырылсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген "Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну" мемлекеттік көрсетілетін қызмет Регламентінде:
5-тармақта:
1) тармақша келесі мазмұндағы он бірінші абзацпен толықтырылсын:
"көрсетілетін қызметті алушының құжаттары толық болмаған жағдайда көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері құжаттарды қайтарады 30 (отыз) минут ішінде";
3) тармақшадағы екінші абзац келесі редакцияда жазылсын:
"мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартқан жағдайда көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы № 183 "Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және ережесін бекіту туралы" қаулысына сәйкес дәлелді жауап дайындайды және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қоюға жолдайды (1 (бір) күн ішінде)";
4) тармақша келесі редакцияда жазылсын:
"4) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы қаулы жобасымен келіседі және аудан немесе Атырау қаласы әкімдігіне (әкім аппаратына) келісуге жолдайды немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапқа қол қояды және көрсетілетін қызметті берушінің қызметкеріне қайтарады (1 (бір) күн ішінде)";
келесі мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
"4-1) көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап береді (1 (бір) күн ішінде)";
келесі мазмұндағы 8-тармақпен толықтырылсын:
"8. "Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің бизнес-процестерінің анықтамалығы осы Регламенттің 5-қосымшасында келтірілген.";
осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес 5-қосымшамен толықтырылсын;
4-қосымша осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау Атырау облысы әкімінің орынбасары Ш.Ж. Мұқанға жүктелсін.

3 3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

4 Атырау облысы әкімдігінің

2014 жылғы 29 тамыздағы
№ 253 қаулысына 1 қосымша
"Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және
агроөнеркәсіптік кешен мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 5-қосымша
Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы
"Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешені мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну"
*ҚФБ - құрылымдық-функционалдық бірлік: көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің), халыққа қызмет көрсету орталықтарының, "электрондық үкімет" веб-порталының өзара іс-қымылдары;

5 Атырау облысы әкімдігінің

2014 жылғы 29 тамыздағы
№ 253 қаулысына 2 қосымша
"Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру,
әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және
агроөнеркәсіптік кешен мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет регламентіне 4-қосымша
Мемлекеттік қызмет көрсету рәсімдер (іс-қимылдар) реттілігінің сипаттамасы

Қолданыстағы