О внесении изменения и дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 12 июня 2014 года № 645 "Об утверждении фиксированных тарифов"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения и дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 12 июня 2014 года № 645 "Об утверждении фиксированных тарифов"
- Атауы (қаз.)
- "Тіркелген тарифтерді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 12 маусымдағы № 645 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 148
- Қабылданған күні
- 19.03.2015
- Көрсетілген редакция
- 17.12.2024 87892_735795.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 17.12.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P1500000148
- ЭКБ идентификаторы
- 87892
- Редакция идентификаторы
- 87892_735795
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 16:02
0 «Тіркелген тарифтерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 12 маусымдағы № 645 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы
Астана қаласындағы «EXPO-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесінің объектілері мен инфрақұрылымын салуға инвестициялар тарту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. «Тіркелген тарифтерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 12 маусымдағы № 645 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 40-41, 390-құжат) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген жаңартылатын энергия көздерін пайдалану жөніндегі объектілер өндіретін электр энергиясын жеткізуге тіркелген тарифтерде:
реттік нөмірі 1-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
1
Жел энергиясын түрлендіру үшін қуаты 100 МВт «Астана EXPO-2017» жел электр станциясының жобасы үшін тіркелген тарифті қоспағанда, жел электр станциялары
22,68
»;
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 1-1-жолмен толықтырылсын:
«
1-1
Жел энергиясын түрлендіру үшін қуаты 100 МВт «Астана EXPO-2017» жел электр станциясы
59,7
».