О внесении изменений в приказ Председателя Комитета национальной безопасности Республики Казахстан от 12 марта 2015 года № 10 «Об определении размера денежной компенсации курсантам, слушателям первых и вторых курсов специальных (военных) учебных заведений органов национальной безопасности Республики Казахстан за почтовые отправления»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в приказ Председателя Комитета национальной безопасности Республики Казахстан от 12 марта 2015 года № 10 «Об определении размера денежной компенсации курсантам, слушателям первых и вторых курсов специальных (военных) учебных заведений органов национальной безопасности Республики Казахстан за почтовые отправления»
- Атауы (қаз.)
- «Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары арнаулы (әскери) оқу орындарының бірінші және екінші курстар курсанттарына, тыңдаушыларына пошталық жөнелтілімдері үшін қаржылай өтемақының мөлшерін белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2015 жылғы 12 наурыздағы № 10 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 54/қе
- Қабылданған күні
- 19.08.2022
- Көрсетілген редакция
- 19.08.2022 170851_588744.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 19.08.2022
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2200029219
- ЭКБ идентификаторы
- 170851
- Редакция идентификаторы
- 170851_588744
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 00:32
0 «Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары арнаулы (әскери) оқу орындарының бірінші және екінші курстар курсанттарына, тыңдаушыларына пошталық жөнелтілімдері үшін қаржылай өтемақының мөлшерін белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2015 жылғы
12 наурыздағы № 10 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары арнаулы (әскери) оқу орындарының бірінші және екінші курстар курсанттарына, тыңдаушыларына пошталық жөнелтілімдері үшін қаржылай өтемақының мөлшерін белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2015 жылғы 12 наурыздағы № 10 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10895 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
бұйрықтың атауы мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары әскери, арнаулы оқу орындарының бірінші және екінші курстар курсанттарына, тыңдаушыларына пошталық жөнелтілімдері үшін қаржылай өтемақының мөлшерін белгілеу туралы»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары әскери, арнаулы оқу орындарының бірінші және екінші курс курсанттарына, тыңдаушыларына пошталық жөнелтілімдері үшін қаржылай өтемақы мөлшері айына 130 теңге сомасында белгіленсін.».
2 2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Кадрлар департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2 2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің интернет-ресурстарына орналастыруды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі