Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ Председателя Комитета национальной безопасности Республики Казахстан от 12 марта 2015 года № 11 «Об утверждении норм возмещения сотрудникам органов национальной безопасности Республики Казахстан и членам их семей затрат за проезд на транспорте по территории Республики Казахстан и перевозку имущества»

Бұйрық · № 27/қе · қабылданған 20.04.2020
Заңдық күші: Қолданыста · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/12-2015-no-11-ekb-142001/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ Председателя Комитета национальной безопасности Республики Казахстан от 12 марта 2015 года № 11 «Об утверждении норм возмещения сотрудникам органов национальной безопасности Республики Казахстан и членам их семей затрат за проезд на транспорте по территории Республики Казахстан и перевозку имущества» Қолданыста Бұйрық ·№ 27/қе ·20.04.2020
20.04.2020 редакциясы
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.04.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в приказ Председателя Комитета национальной безопасности Республики Казахстан от 12 марта 2015 года № 11 «Об утверждении норм возмещения сотрудникам органов национальной безопасности Республики Казахстан и членам их семей затрат за проезд на транспорте по территории Республики Казахстан и перевозку имущества»

Қолданыста Бұйрық ·№ 27/қе · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ Председателя Комитета национальной безопасности Республики Казахстан от 12 марта 2015 года № 11 «Об утверждении норм возмещения сотрудникам органов национальной безопасности Республики Казахстан и членам их семей затрат за проезд на транспорте по территории Республики Казахстан и перевозку имущества»
Атауы (қаз.)
«Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары қызметкерлері мен олардың отбасы мүшелеріне мүлікті тасымалдау және Қазақстан Республикасының аумағында көлікпен жол жүру шығындарын өтеу нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2015 жылғы 12 наурыздағы № 11 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
27/қе
Қабылданған күні
20.04.2020
Көрсетілген редакция
20.04.2020 142001_458291.kaz
Соңғы өзгеріс
20.04.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2000020443
ЭКБ идентификаторы
142001
Редакция идентификаторы
142001_458291
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 14:52

0

«Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары қызметкерлері мен олардың отбасы мүшелеріне мүлікті тасымалдау және Қазақстан Республикасының аумағында көлікпен жол жүру шығындарын өтеу нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2015 жылғы 12 наурыздағы № 11 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары қызметкерлері мен олардың отбасы мүшелеріне мүлікті тасымалдау және Қазақстан Республикасының аумағында көлікпен жол жүру шығындарын өтеу нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2015 жылғы 12 наурыздағы № 11 (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10930 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 10 шілдеде жарияланған) бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
аталған бұйрықтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Көлікпен жол жүру шығындарын өтеу нормаларын бекіту туралы»;
кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы» 2012 жылғы 13 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңы 73-бабының 5-тармағына, 77-бабының 4-тармағына және 78-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қоса беріліп отырған көлікпен жол жүру шығындарын өтеу нормалары бекітілсін.»;
аталған бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары қызметкерлері мен олардың отбасы мүшелеріне мүлікті тасымалдау және Қазақстан Республикасының аумағында көлікпен жол жүру шығындарын өтеу нормалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2 2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Қаржы, материалдық-техникалық және медициналық қамтамасыз ету қызметінің Әскери-техникалық қамтамасыз ету департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықпен Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкерлері таныстырылсын.

4 4. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі

0 Көлікпен жол жүру шығындарын өтеу нормалары

Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитеті
Төрағасының
2020 жылғы 20 сәуірі
№ 27/қе бұйрығына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитеті
Төрағасының
2015 жылғы 12 наурыздағы
№ 11 бұйрығымен
бекітілген
Көлікпен жол жүру шығындарын өтеу
нормалары

1 1. Осы көлікпен жол жүру шығындарын өтеу нормалары:

1 1) «Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы» 2012 жылғы 13 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 73-бабының 5-тармағында көзделген жағдайларда Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкерлеріне (курсанттардан, тыңдаушылардан басқа);

2 2) Заңның 77-бабының 4-тармағында көзделген жағдайларда курсанттарға, тыңдаушыларға;

3 3) Заңның 78-бабының 4-тармағында көзделген жағдайларда Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдары қызметкерлерінің отбасы мүшелеріне (курсанттардан, тыңдаушылардан басқа) қолданылады.

2 2. Көлікпен жол жүру шығындары жол жүру құжаттарының негізінде:

1 1) темір жол көлігімен жол жүру кезінде:

купе вагонының тарифі бойынша (жұмсақ дивандары төменде орналасқан, ұйықтайтын вагонның қалпын реттеу бойынша құрылғысы бар отыруға арналған жұмсақ креслолы екі орынды купелері бар вагондарды қоспағанда (одан әрі – ҰВ);
стационарлық емделуге баратын жағдайда дәрігерлік-консультативті комиссия төрағасының жазбаша растауымен және қызметкердің ауысуы жедел болған жағдайда:
Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетінде (бұдан әрі – ҰҚК) – ҰҚК Төрағасының немесе оның бірінші орынбасарының;
Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік ведомстволарында, аумақтық және өзге де органдарында – бірінші басшының жазбаша растауымен жұмсақ дивандары төменде орналасқан, ұйықтайтын вагонның қалпын реттеу бойынша құрылғысы бар отыруға арналған жұмсақ креслолы екі орынды купелері бар вагондар (бұдан әрі – ҰВ) тарифі бойынша;

2 2) су және автомобиль көлігімен жол жүру кезінде – сол жергілікті жердегі қолданылып жүрген жол жүру кұны бойынша;

3 3) егер елді мекеннен тыс жерде орналасса, темір жол станциясына, айлаққа, әуежайға автокөлікпен (таксиден басқа) жол жүру бойынша;

4 4) жол жүру билеттерін броньдау құны, сондай-ақ төсек керек-жарақтарын пайдаланған жағдайда;

5 5) әуе көлігімен жол жүру кезінде – стационарлық емделуге баратын жағдайда дәрігерлік-консультативті комиссия төрағасының жазбаша растауымен және қызметкердің ауысуы жедел болған жағдайда:

ҰҚК-де – ҰҚК Төрағасының немесе оның бірінші орынбасарының;
Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік ведомстволарында, аумақтық және өзге де органдарында – бірінші басшының жазбаша растауымен экономикалық сынып тарифі бойынша өтеледі.

3

3. Жол жүру құжаттары болмаған кезде шығыстар осы Көлікпен жол жүру шығындарын өтеу нормалары 2-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген көлікпен (әуе көлігін қоспағанда) жол жүрудің ең төменгі құны бойынша қызметкердің баянаты және темір жол көлігінің плацкарт вагоны тарифі бойынша ең төменгі құны туралы анықтама (еркін түрде) негізінде келісілген:
ҰҚК-де – қаржылық-шарушылық қызметін бағыттайтын ҰҚК Төрағасының орынбасарымен;
Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік ведомстволарында, аумақтық және өзге де органдарында – бірінші басшымен өтеледі.

Қолданыстағы