О внесении изменений в приказ Председателя Комитета национальной безопасности Республики Казахстан от 12 марта 2015 года № 11 «Об утверждении норм возмещения затрат за проезд на транспорте»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в приказ Председателя Комитета национальной безопасности Республики Казахстан от 12 марта 2015 года № 11 «Об утверждении норм возмещения затрат за проезд на транспорте»
- Атауы (қаз.)
- «Көлікпен жол жүру шығындарын өтеу нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2015 жылғы 12 наурыздағы № 11 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 44/қе
- Қабылданған күні
- 29.07.2022
- Көрсетілген редакция
- 29.07.2022 172710_597362.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 29.07.2022
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2200029006
- ЭКБ идентификаторы
- 172710
- Редакция идентификаторы
- 172710_597362
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 00:50
0 «Көлікпен жол жүру шығындарын өтеу нормаларын
бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2015 жылғы 12 наурыздағы № 11 бұйрығына
өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Көлікпен жол жүру шығындарын өтеу нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2015 жылғы 12 наурыздағы № 11 бұйрығына (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10930 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 73-бабының 5-тармағына, 77-бабының 4-тармағына және 78-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Көлікпен жол жүру шығындарын өтеу нормалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2 2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қаржылық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету қызметінің Әскери-техникалық қамтамасыз ету департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің интернет-ресурсына орналастыруды;
3
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықпен Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкерлері таныстырылсын.
4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
0 Көлікпен жол жүру шығындарын өтеу нормалары
Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік
комитеті Төрағасының
2022 жылғы 29 шілдедегі
№ 44/қе бұйрығына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік
комитеті Төрағасының
2015 жылғы 12 наурыздағы
№ 11 бұйрығымен
бекітілген
Көлікпен жол жүру шығындарын өтеу
нормалары
1 1. Осы Көлікпен жол жүру шығындарын өтеу нормалары:
1
1) «Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 73-бабының 5-тармағында көзделген жағдайларда Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкерлеріне (әскери, арнаулы оқу орындарының курсанттары мен тыңдаушыларынан басқа);
2 2) Заңның 77-бабының 4-тармағында көзделген жағдайларда әскери, арнаулы оқу орындарының курсанттары мен тыңдаушыларына;
3 3) Заңның 78-бабының 4-тармағында көзделген жағдайларда Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдары қызметкерлерінің (әскери, арнаулы оқу орындарының курсанттары мен тыңдаушыларынан басқа) отбасы мүшелеріне қолданылады.
2 2. Көлікпен жол жүру шығындары жол жүру құжаттарының негізінде:
1 1) теміржол көлігімен жол жүру кезінде:
купе вагонының тарифі бойынша (жұмсақ дивандары төменде орналасқан, жатын вагонның қалпын реттеу құрылғысы бар отыруға арналған жұмсақ креслолы екі орынды купелері бар вагондарды қоспағанда);
жұмсақ дивандары төменде орналасқан, жатын вагонның қалпын реттеу құрылғысы бар отыруға арналған жұмсақ креслолы екі орынды купелері бар вагондардың тарифі бойынша медициналық көрсеткіштері бойынша əскери-медициналық (медициналық) бөлімшелерге стационарлық емделуге барғанда әскери-дәрігерлік комиссияның жолдамасы негізінде және қызметкердің ауысуы жедел болған жағдайда:
Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетінде (бұдан әрі – ҰҚК) – уәкілетті басшының;
Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік ведомстволарында, аумақтық және өзге де органдарында – бірінші басшының жазбаша растауының негізінде;
2 2) су және автомобиль көлігімен жол жүру кезінде – сол жергілікті жердегі қолданылып жүрген жол жүру құны бойынша;
3 3) егер елді мекеннен тыс жерде орналасса, теміржол станциясына, айлаққа, әуежайға автокөлікпен (таксиден басқа) жол жүру бойынша;
4 4) жол жүру билеттерін броньдау құны, сондай-ақ төсек керек-жарақтарын пайдалану құны;
5 5) әуе көлігімен жол жүру кезінде – медициналық көрсеткіштері бойынша əскери-медициналық (медициналық) бөлімшелерге стационарлық емделуге барғанда әскери-дәрігерлік комиссияның жолдамасы негізінде және қызметкердің ауысуы жедел болған жағдайда:
ҰҚК-де – ҰҚК Төрағасының немесе оның бірінші орынбасарының не қаржы-шаруашылық қызметін бағыттаушы ҰҚК Төрағасы орынбасарының;
Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік ведомстволарында, аумақтық және өзге де органдарында – бірінші басшының жазбаша растауының негізінде өтеледі.
3 3. Жол жүру құжаттары (билеттер) болмаған кезде шығыстар осы Көлікпен жол жүру шығындарын өтеу нормалары 2-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген көлікпен (әуе көлігін қоспағанда) жол жүрудің ең төменгі құны бойынша:
ҰҚК-де – қаржы-шаруашылық қызметін бағыттаушы ҰҚК Төрағасының орынбасарымен;
Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік ведомстволарында, аумақтық және өзге де органдарында – бірінші басшымен келісілген қызметкердің баянаты және теміржол көлігінің плацкарт вагоны тарифі бойынша ең төменгі құны туралы анықтама (еркін түрде) негізінде өтеледі.