Құжат мәтініне өту

О внесении изменения в приказ Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 12 марта 2015 года № 17-1/207 «Об утверждении Правил размещения на интернет-ресурсе местных исполнительных органов (акиматов) областей, городов республиканского значения, столицы перечня заготовительных организаций в сфере агропромышленного комплекса»

Бұйрық · № 70 · қабылданған 28.02.2020
Заңдық күші: Күшін жойған · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/12-2015-no-17-1207/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
О внесении изменения в приказ Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 12 марта 2015 года № 17-1/207 «Об утверждении Правил размещения на интернет-ресурсе местных исполнительных органов (акиматов) областей, городов республиканского значения, столицы перечня заготовительных организаций в сфере агропромышленного комплекса» Күшін жойған Бұйрық ·№ 70 ·28.02.2020
15.03.2021 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 15.03.2021. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменения в приказ Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 12 марта 2015 года № 17-1/207 «Об утверждении Правил размещения на интернет-ресурсе местных исполнительных органов (акиматов) областей, городов республиканского значения, столицы перечня заготовительных организаций в сфере агропромышленного комплекса»

Күшін жойған Бұйрық ·№ 70 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменения в приказ Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 12 марта 2015 года № 17-1/207 «Об утверждении Правил размещения на интернет-ресурсе местных исполнительных органов (акиматов) областей, городов республиканского значения, столицы перечня заготовительных организаций в сфере агропромышленного комплекса»
Атауы (қаз.)
«Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдар тізбесін облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының (әкімдіктердің) интернет-ресурсына орналастырудың қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 12 наурыздағы № 17-1/207 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
70
Қабылданған күні
28.02.2020
Көрсетілген редакция
15.03.2021 140076_517109.kaz
Соңғы өзгеріс
15.03.2021
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2000020096
ЭКБ идентификаторы
140076
Редакция идентификаторы
140076_517109
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 15:52

0

«Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдар тізбесін облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының (әкімдіктердің) интернет-ресурсына орналастырудың қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 12 наурыздағы № 17-1/207 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдар тізбесін облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының (әкімдіктердің) интернет-ресурсына орналастырудың қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 12 наурыздағы № 17-1/207 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10924 болып тіркелген, 2015 жылғы 13 мамырда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының (әкімдіктердің)
интернет-ресурсына агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдар тізбесін орналастыру қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2 2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді дамыту және агроөнеркәсіптік кешенді цифрландыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсiн.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ақпарат және қоғамдық
даму министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

1 Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының (әкімдіктердің) интернет-ресурсына агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдар тізбесін орналастыру қағидалары

Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2020 жылғы 28 ақпаны № 70
бұйрығына қосымша
Қазақстан Республикасы Ауыл
шаруашылығы министрінің
2015 жылғы 12 наурыздағы
№ 17-1/207 бұйрығымен
бекітілген
Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының (әкімдіктердің) интернет-ресурсына агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдар тізбесін орналастыру қағидалары

1 1-тарау. Жалпы ережелер

1

1. Осы Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының (әкімдіктердің) интернет ресурсына агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдар тізбесін орналастыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» 2005 жылғы
8 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы
1-тармағының 41-4) тармақшасына сәйкес әзірленген және агроөнеркәсіптік кешен саласындығы дайындаушы ұйымдар тізбесін облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының (әкімдіктердің) (бұдан әрі – ЖАО) интернет-ресурсына орналастыру тәртібі мен мерзімдерін анықтайды.

2 2-тарау. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының (әкімдіктердің) интернет-ресурсына агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдар тізбесін орналастыру тәртібі мен мерзімдері

2 2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің

2015 жылғы 30 наурыздағы № 9-3/278 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11065 тіркелген) бекітілген Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдарды аккредиттеу қағидаларына сәйкес аккредиттелген дайындаушы ұйымдар агроөнеркәсіптік кешен саласындығы дайындаушы ұйымдар тізбесіне (бұдан әрі – Тізбе) қосылуы тиіс.
Аккредиттелген дайындаушы ұйым аккредителген сәтінен бастап үш жұмыс күні ішінде Тізбеге қосылады.

3 3. Тізбе ЖАО-ның интернет-ресурсында мемлекеттік және орыс тілдерінде орналастырылады.

4 4. ЖАО интернет-ресурсында жаңартылған Тізбені ораналастыру күні мен уақыты туралы мәліметтер қамтылады. Бұл ретте, бұрын орналастырылған Тізбе бес жыл бойы сақталады.

5 5. ЖАО «Ақпараттандыру туралы» 2015 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 55-бабына сәйкес интернет-ресурста орналастырылған электрондық ақпараттық ресурстарды қорғаудың құқықтық, ұйымдастырушылық және техникалық (техникалық-бағдарламалық) шараларын қабылдайды.

6

6. Тізбені ЖАО-ның интернет-ресурстарында орналастыру Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 28 қантардағы № 116 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13262 тіркелген) бекітілген Мемлекеттiк органдардың интернет-ресурстарын ақпараттық толықтыру қағидаларына және олардың мазмұнына қойылатын талаптарға сәйкес жүргізіледі.

7

7. ЖАО-ның құрылымдық бөлімшесі ЖАО-ның интернет-ресурсын техникалық сүйемелдеуді, интернет-ресурстың үздіксіз жұмыс істеуін және пайдаланушылардың интернет желісіндегі ЖАО-ның интернет-ресурсында орналасқан ақпаратқа кедергісіз қол жеткізуін, ресми интернет-ресурстың жұмысында ақаулар және істен шығулар туындаған жағдайда оны жою шараларын қабылдауды қамтамасыз етеді.

Қолданыстағы