Құжат мәтініне өту

О внесении изменения в приказ Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 12 октября 2015 года № 18-02/908 «Об утверждении Правил пользования участками государственного лесного фонда для научно-исследовательских целей»

Бұйрық · № 329 · қабылданған 22.12.2020
Заңдық күші: Қолданыста · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/12-2015-no-18-02908/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
О внесении изменения в приказ Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 12 октября 2015 года № 18-02/908 «Об утверждении Правил пользования участками государственного лесного фонда для научно-исследовательских целей» Қолданыста Бұйрық ·№ 329 ·22.12.2020
22.12.2020 редакциясы
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 22.12.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменения в приказ Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 12 октября 2015 года № 18-02/908 «Об утверждении Правил пользования участками государственного лесного фонда для научно-исследовательских целей»

Қолданыста Бұйрық ·№ 329 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменения в приказ Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 12 октября 2015 года № 18-02/908 «Об утверждении Правил пользования участками государственного лесного фонда для научно-исследовательских целей»
Атауы (қаз.)
«Мемлекеттік орман қоры учаскелерін ғылыми-зерттеу мақсаттарында пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 12 қазандағы 18-02/908 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
329
Қабылданған күні
22.12.2020
Көрсетілген редакция
22.12.2020 150566_502066.kaz
Соңғы өзгеріс
22.12.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2000021920
ЭКБ идентификаторы
150566
Редакция идентификаторы
150566_502066
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 10:51

0 «Мемлекеттік орман қоры учаскелерін ғылыми-зерттеу мақсаттарында пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 12 қазандағы 18-02/908 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Мемлекеттік орман қоры учаскелерін ғылыми-зерттеу мақсаттарында пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 8 шiлдедегi № 215 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12266 болып тіркелген, 2015 жылғы 26 қарашадағы «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік орман қоры учаскелерін ғылыми-зерттеу мақсаттарында пайдалану қағидаларында:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiн ғылыми-зерттеу мақсаттарында пайдалануға орман шаруашылығы саласындағы уәкілетті органмен (бұдан әрi – уәкілеттi орган) келiсiлген ғылыми-зерттеу жұмыстарының бағдарламаларына сәйкес жүзеге асырылатын, орман табиғаты мен оның компоненттерін тану, соның негiзiнде жаңа техника жасауды қоса алғанда, орман ресурстарын күзету, қорғау, молықтыру және ұтымды пайдалану жөнiнде тәсiлдер, әдiстер және технологиялық процестер әзірлеу үшін кешендi және мамандандырылған (ботаникалық, зоологиялық, орман өсiру, орман-патологиялық, топырақтану және басқа да) ғылыми зерттеулер мен экспериментальдық жұмыстар (бұдан әрi – ғылыми-зерттеу жұмыстары) жүргiзу, сондай-ақ мемлекеттiк орман қоры аумағында орналасқан өзге де табиғи объектiлердi зерделеу жатады. Ғылыми-зерттеу жұмыстары шеңберінде өсімдіктер мен жануарлар дүниесі ресурстарын дайындау мен пайдалану мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы болған кезде биологиялық негіздемеге сәйкес жүзеге асырылады.
Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде, судың жай-күйiне әсер ететiн су қорғау аймақтары мен белдеулерінде жүргiзiлетiн экспериментальдық жұмыстарды орман пайдаланушылар су қорын пайдалану және қорғау, сумен жабдықтау және су бұру саласындағы уәкілетті органның аумақтық органдарымен келiсім бойынша жүргiзедi.».

2 2. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

3

3) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы бұйрықтың 2-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы