Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнения в приказ Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 12 октября 2015 года № 18-02/909 «Об утверждении Правил сенокошения и пастьбы скота на участках государственного лесного фонда»

Бұйрық · № 156 · қабылданған 18.05.2023
Заңдық күші: Қолданыста · 16.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/12-2015-no-18-02909/on/2026-08-16/
Басып шығарылды 2026-08-16 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнения в приказ Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 12 октября 2015 года № 18-02/909 «Об утверждении Правил сенокошения и пастьбы скота на участках государственного лесного фонда» Қолданыста Бұйрық ·№ 156 ·18.05.2023
18.05.2023 редакциясы
16.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 18.05.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнения в приказ Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 12 октября 2015 года № 18-02/909 «Об утверждении Правил сенокошения и пастьбы скота на участках государственного лесного фонда»

Қолданыста Бұйрық ·№ 156 · 16.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнения в приказ Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 12 октября 2015 года № 18-02/909 «Об утверждении Правил сенокошения и пастьбы скота на участках государственного лесного фонда»
Атауы (қаз.)
«Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде шөп шабу және мал жаю қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 10 қарашадағы № 18-02/909 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
156
Қабылданған күні
18.05.2023
Көрсетілген редакция
18.05.2023 181664_632604.kaz
Соңғы өзгеріс
18.05.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2300032534
ЭКБ идентификаторы
181664
Редакция идентификаторы
181664_632604
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 18:56

0 «Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде шөп шабу және мал жаю қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 10 қарашадағы № 18-02/909 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде шөп шабу және мал жаю қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 10 қарашадағы № 18-02/909 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12259 болып тіркелген) келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлкеттік орман қоры учаскелерінде шөп шабу және мал жаю Қағидаларында:
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Шөп шабу және мал жаю үшін мемлекеттік орман қорының құрамына енетін осы мақсатқа жарамды ауыл шаруашылығы жерлерінің алқаптары бөлінеді, сондай-ақ алаңқайлар және шөп шабу басталғанға дейін орманды табиғи немесе жасанды жолмен жаңарту, оларды жақсарту жөнінде басқа да іс-шаралар жүргізу көзделмейтін басқа да орман көмкермеген алқаптар және сексеуіл мен басқа да бұта түрлерімен көмкерілген (жинақталмаған орман екпелерінен басқа) орман алқаптары, сондай-ақ қайта жаңартуға арналмаған құндылығы аз екпелердің жекелеген учаскелері пайдаланылады.»;
20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«20. Шөп шабу мен мал жаю үшін мемлекеттік орман қоры учаскелерін қысқа мерзімді орман пайдалануға беру кезінде орман пайдаланушының өтініші және орманды пайдаланғаны үшін малдың болуы және төлем жасалғанын куәландыратын құжаттардың негізінде орман пайдаланушыларға да орман билеті жазып беріледі.»;
мынадай мазмұндағы 23-тармақпен толықтырылсын:
«23. Орман ресурстары шөп шабу және мал жаю үшін ұзақ мерзімді орман пайдалануға берілген мемлекеттік орман қорының жерлерінде объектілер салу Кодекстің 102-2-бабына және «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Занының 27-2-бабына сәйкес жүзеге асырылады.
Ұзақ мерзімді орман пайдалану кезінде орман пайдаланушы берілген учаскелерде уақытша (қалқалар, күзет үйшіктері, қоршаулар, қашалар) құрылыстар салады.
Жануарларды қашаларда орналастыру мынадай норманы сақтай отырып жүзеге асырылады:
1) ірі жануарлар үшін (түйелер, жылқылар, мүйізді ірі қара малдар - бұдан әрі - ірі жануарлар) - бір жануарға 3 м2;
2) ұсақ жануарлар үшін (қойлар, ешкілер, шошқалар) - бір жануарға 1,7 - 2 м2.
Қашаларда қораларда ірі малдарға қосымша байлағыштар жасалады.
Қашаларды металл құрылыстарынан жасайды, олардың биіктігі:
1) ірі жануарлар үшін кем дегенде 1,5 м;
2) ұсақ жануарлар үшін кем дегенде 1 м.
Секциялар мен қашаларды жануарлардың жарақаттану мүмкіндігін болдырмайтын шарбақтармен, қақпалармен жабдықтайды.
Қысқа мерзімді орман пайдалану кезінде құнарлы қабатты адып тастамай, қоршау мен тұруға жарамды жылжымалы үй-жайларды орнатуға рұқсат етіледі.
Аталған құрылыстардың мөлшері және оларды орналастыру ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді орман пайдалану шартында, сондай-ақ орман билетінде көрсетіледі.»;
мынадай мазмұндағы 24-тармақпен толықтырылсын:
«24. Сексеуіл ормандарынан басқа, мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде ешкi жаюға арнайы бөлiнiп қоршалған учаскелерде ғана жол берiледi.»;
Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде шөп шабу және мал жаю қағидаларға қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2 2. Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

3 3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

0 Мемлекеттік орман қоры учаскелеріндегі мал жаю алаңдарын айқындау

Қазақстан Республикасы
Экология және табиғи
ресурстар министрі
2023 жылғы 18 мамырдағы
№ 156 бұйрығына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Экология және табиғи
ресурстар министрінің
бұйрығымен
бекітілген
Мемлекеттік орман қоры учаскелеріндегі мал жаю алаңдарын айқындау

Та­би­ғи ай­мақ­тар
Ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы жа­ну­ар­ла­ры­ның түр­ле­рі
Мал жаю ала­ңы, бас­қа гек­тар
1
2
3
4
1
Жар­ты­лай шө­лейт және шө­лейт
Қой, еш­кі
Ірі қа­ра мал
Жыл­қы
3,0
5,0
7,2
2
Да­ла­лы
Қой, еш­кі
Ірі қа­ра мал
Жыл­қы
1,5-3,0
1,5-3,0
1,0-2,25
3
Та­у­лы
Қой, еш­кі
Ірі қа­ра мал
Жыл­қы
0,75-1,5
0,75-1,5
1,0

Қолданыстағы