Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в постановление акимата от 12 мая 2015 года № 189 «Об утверждении Правил расчета норм образования и накопления коммунальных отходов по Костанайской области»

Қаулы · № 145 · қабылданған 09.04.2019
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/12-2015-no-189/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О внесении изменений в постановление акимата от 12 мая 2015 года № 189 «Об утверждении Правил расчета норм образования и накопления коммунальных отходов по Костанайской области» Күшін жойған Қаулы ·№ 145 ·09.04.2019
25.08.2021 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.08.2021. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в постановление акимата от 12 мая 2015 года № 189 «Об утверждении Правил расчета норм образования и накопления коммунальных отходов по Костанайской области»

Күшін жойған Қаулы ·№ 145 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в постановление акимата от 12 мая 2015 года № 189 «Об утверждении Правил расчета норм образования и накопления коммунальных отходов по Костанайской области»
Атауы (қаз.)
Әкімдіктің 2015 жылғы 12 мамырдағы № 189 «Қостанай облысы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілуі мен жинақталу нормаларын есептеу қағидаларын бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
145
Қабылданған күні
09.04.2019
Көрсетілген редакция
25.08.2021 130450_536344.kaz
Соңғы өзгеріс
25.08.2021
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V19N0008332
ЭКБ идентификаторы
130450
Редакция идентификаторы
130450_536344
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 20:28

0 Әкімдіктің 2015 жылғы 12 мамырдағы № 189 «Қостанай облысы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілуі мен жинақталу нормаларын есептеу қағидаларын бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы

2007 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 20-бабы 17-3)-тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Қостанай облысы әкімдігінің «Қостанай облысы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілуі мен жинақталу нормаларын есептеу қағидаларын бекіту туралы» 2015 жылғы 12 мамырдағы № 189 қаулысына (2015 жылғы 17 маусымда «Қостанай таңы» газетінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5634 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулының 1-қосымшасында:
тақырыбы мемлекеттік тілде жаңа редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:
«Тұрғын үй қоры мен тұрғын емес үй-жайлар объектілерінің түрлері»;
реттік нөмірі 6-жол мемлекеттік тілде жаңа редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:
«
6
Емханалар
1 келіп кету
»;
реттік нөмірі 7-жол жаңа редакцияда жазылсын:
«
7
Ауруханалар, өзге де емдеу-сауықтыру мекемелері
1 төсек-орын
»;
реттік нөмірі 9-жол мемлекеттік тілде жаңа редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:
«
9
Мейрамханалар, дәмханалар, қоғамдық тамақтану мекемелері
1 отыратын орын
»;
реттік нөмірі 10-жол жаңа редакцияда жазылсын:
«
10
Театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, түнгі клубтар, ойынханалар, ойын автоматтарының залы
1 отыратын орын
»;
реттік нөмірі 14-жол жаңа редакцияда жазылсын:
«
14
Азық-түлік, өнеркәсіптік тауар дүкендері, супермаркеттер
сауда алаңы 1 м2
»;
реттік нөмірі 16-жол алынып тасталсын.

2 2. «Қостанай облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

1 1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

2

2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

3 3) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Қостанай облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

4 4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы