О внесении изменений в постановление акимата Актюбинской области от 12 июня 2015 года № 207 «Об утверждении регламентов государственных услуг в сфере туризма»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в постановление акимата Актюбинской области от 12 июня 2015 года № 207 «Об утверждении регламентов государственных услуг в сфере туризма»
- Атауы (қаз.)
- Ақтөбе облысы әкімдігінің 2015 жылғы 12 маусымдағы № 207 «Туризм саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 351
- Қабылданған күні
- 01.08.2018
- Көрсетілген редакция
- 11.09.2019 124204_421370.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 11.09.2019
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V18C0005939
- ЭКБ идентификаторы
- 124204
- Редакция идентификаторы
- 124204_421370
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 23:35
0 Ақтөбе облысы әкімдігінің 2015 жылғы 12 маусымдағы № 207 «Туризм саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңының 16-бабы 3-тармағына, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 495 «Туризм саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 11578 тіркелген бұйрығына сәйкес Ақтөбе облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Ақтөбе облысы әкімдігінің 2015 жылғы 12 маусымдағы № 207 «Туризм саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4428 тіркелген, 2015 жылғы 20 шілдеде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
1 1) жоғарыда көрсетілген қаулымен бекітілген «Туристік операторлық қызметті (туроператорлық қызмет) жүзеге асыруға лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде:
1 – тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Туристік операторлық қызметті (туроператорлық қызмет) жүзеге асыруға лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) «Ақтөбе облысының кәсіпкерлік мекемесімен (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі.».
2 2) жоғарыда көрсетілген қаулымен бекітілген «Туристік, оның ішінде туристік әлеует, туризм объектілері және туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалар туралы ақпарат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде:
1 – тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«Туристік, оның ішінде туристік әлеует, туризм объектілері және туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалар туралы ақпарат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) «Ақтөбе облысының кәсіпкерлік мекемесімен (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі.».