Құжат мәтініне өту

О внесении изменения в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 12 марта 2015 года № 208 «Об утверждении Правил согласования и утверждения нормативной, проектной и технической документации на проектирование, строительство, ремонт, содержание дорог и управление ими в части обеспечения безопасности дорожного движения»

Бұйрық · № 595 · қабылданған 25.08.2020
Заңдық күші: Қолданыста · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/12-2015-no-208-ekb-145937/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
О внесении изменения в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 12 марта 2015 года № 208 «Об утверждении Правил согласования и утверждения нормативной, проектной и технической документации на проектирование, строительство, ремонт, содержание дорог и управление ими в части обеспечения безопасности дорожного движения» Қолданыста Бұйрық ·№ 595 ·25.08.2020
25.08.2020 редакциясы
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.08.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменения в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 12 марта 2015 года № 208 «Об утверждении Правил согласования и утверждения нормативной, проектной и технической документации на проектирование, строительство, ремонт, содержание дорог и управление ими в части обеспечения безопасности дорожного движения»

Қолданыста Бұйрық ·№ 595 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменения в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 12 марта 2015 года № 208 «Об утверждении Правил согласования и утверждения нормативной, проектной и технической документации на проектирование, строительство, ремонт, содержание дорог и управление ими в части обеспечения безопасности дорожного движения»
Атауы (қаз.)
«Жолдарды жобалауға, салуға, жөндеуге, күтіп-ұстауға және оларды жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету бөлігінде басқаруға арналған нормативтік, жобалау және техникалық құжаттаманы келісу және бекіту қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 12 наурыздағы № 208 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
595
Қабылданған күні
25.08.2020
Көрсетілген редакция
25.08.2020 145937_478307.kaz
Соңғы өзгеріс
25.08.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2000021153
ЭКБ идентификаторы
145937
Редакция идентификаторы
145937_478307
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 13:04

0

«Жолдарды жобалауға, салуға, жөндеуге, күтіп-ұстауға және оларды жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету бөлігінде басқаруға арналған нормативтік, жобалау және техникалық құжаттаманы келісу және бекіту қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 12 наурыздағы № 208 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:

1 1. «Жолдарды жобалауға, салуға, жөндеуге, күтіп-ұстауға және оларды жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету бөлігінде басқаруға арналған нормативтік, жобалау және техникалық құжаттаманы келісу және бекіту қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы

12 наурыздағы № 208 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10690 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылы 30 сәуірде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жолдарды жобалауға, салуға, жөндеуге, күтіп-ұстауға және оларды жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету бөлігінде басқаруға арналған нормативтік, жобалау және техникалық құжаттаманы келісу және бекіту қағидаларында:
7-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«Жолдардың жүру бөлігіндегі жол және басқа да жұмыстар, оның ішінде авариялық-құтқару жұмыстары уәкілетті орган мен автомобиль жолдарын басқарушыға хабарлама берілгеннен кейін жүзеге асырылуға тиіс.
Жол және басқа да жұмыстардың, оның ішінде авариялық-құтқару жұмыстарының жүргізілетіні туралы хабарламаны жұмыстарды жүргізуші жұмыстар жүргізілетін учаске, жұмыстардың мерзімдері және байланыс деректері (мекенжай мен телефон) туралы ақпаратты көрсете отырып жібереді.
Көлік құралдары мен жаяу жүргіншілердің қозғалысын өзгерту не шектеу қажеттілігі жоқ жолдың жүру бөлігінің астында электрмен жабдықтау желілерін салу кезінде уәкілетті органға хабарлау талап етілмейді.».

2 2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитеті (М.Қ. Баймұқашев) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы