О внесении изменения в постановление акимата от 12 июня 2015 года № 246 "Об установлении перечня приоритетных сельскохозяйственных культур и норм субсидий на 2015 год"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в постановление акимата от 12 июня 2015 года № 246 "Об установлении перечня приоритетных сельскохозяйственных культур и норм субсидий на 2015 год"
- Атауы (қаз.)
- Әкімдіктің 2015 жылғы 12 маусымдағы № 246 "2015 жылға арналған басым ауыл шаруашылығы дақылдарының тізбесін және субсидиялардың нормаларын белгілеу туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 478
- Қабылданған күні
- 09.11.2015
- Көрсетілген редакция
- 09.11.2015 95744_32874.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 09.11.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V15N0006021
- ЭКБ идентификаторы
- 95744
- Редакция идентификаторы
- 95744_32874
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 12:41
0 Әкімдіктің 2015 жылғы 12 маусымдағы № 246 «2015 жылға арналған басым ауыл шаруашылығы дақылдарының тізбесін және субсидиялардың нормаларын белгілеу туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2015 жылғы 27 ақпандағы № 4-3/177 бұйрығымен бекітілген Басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егіс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын субсидиялау қағидаларының 5-тармағына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Қостанай облысы әкімдігінің 2015 жылғы 12 маусымдағы № 246 «2015 жылға арналған басым ауыл шаруашылығы дақылдарының тізбесін және субсидиялардың нормаларын белгілеу туралы» қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5673 болып тіркелген, 2015 жылғы 23 маусымда "Қостанай таңы" газетінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
осы қаулының қосымшасына сәйкес жоғарыда көрсетілген қаулының қосымшасы жаңа редакцияда жазылсын.
2 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
3 Әкімдіктің
2015 жылғы 9 қарашадағы
№ 478 қаулысына қосымша
2015 жылға арналған басым ауыл шаруашылығы дақылдардың тiзбесі және басым дақылдар өндіруді субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруға, жанар-жағармай материалдары мен көктемгi егіс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауылшаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын арзандатуға арналған субсидиялар нормалары (1 гектарға)
№
Басым ауыл шаруашылығы дақылдарының тізбесі
1 гектарға субсидиялардың нормалары, теңге
1.
Жаздық бидай
Күздік бидай
300
2.
Жаздық қатты бидай
1000
3.
Сұлы
Арпа
Тары
Қарақұмық
3000
4.
Күздік қара бидай
2000
5.
Бұршақтұқымдас дақылдар
5000
6.
Күнбағыс
9500
7.
Рапс
9000
8.
Зығыр
9500
9.
Мақсары
7000
10.
Қыша
6000
11.
Арыш
6000
12.
Қытай бұршақ (соя)
6000
13.
Картоп
50000
90000 (тамшылатып суару)
14.
Көкөнiстер
60000
90000 (тамшылатып суару)
2000000 (барлық түрдегі жылыжайларда топырақтың қорғалған жағдайларында, 2 дақыл айналымы)
15.
Бақша дақылдары
30000
16.
Сүрлемдік жүгері мен күнбағыс
10000
17.
Сүрлемдік жүгері
80000 (суаруға)
18.
Жемшөптік дақылдар, оның ішінде бірінші, екінші және үшінші өсу жылдарындағы бұршақ тұқымдас көпжылдық шөптер
10000
80000 (суаруға)
19.
Шабындық және (немесе) жайылымдық алқаптарды шөп егіп жаңарту және (немесе түпкілікті жақсарту) үшін бірінші, екінші және үшінші жылдары өсіп жатқан көп жылдық шөптер
10000