Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в постановление акимата Акмолинской области от 12 марта 2015 года № А-3/101 «Об утверждении положения о государственном учреждении «Управление здравоохранения Акмолинской области»

Қаулы · № А-7/308 · қабылданған 29.06.2015
Заңдық күші: Күшін жойған · 23.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/12-2015-no-3101/on/2026-08-23/
Басып шығарылды 2026-08-23 · adilet.kz
О внесении изменений в постановление акимата Акмолинской области от 12 марта 2015 года № А-3/101 «Об утверждении положения о государственном учреждении «Управление здравоохранения Акмолинской области» Күшін жойған Қаулы ·№ А-7/308 ·29.06.2015
17.05.2016 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
23.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 17.05.2016. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в постановление акимата Акмолинской области от 12 марта 2015 года № А-3/101 «Об утверждении положения о государственном учреждении «Управление здравоохранения Акмолинской области»

Күшін жойған Қаулы ·№ А-7/308 · 23.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в постановление акимата Акмолинской области от 12 марта 2015 года № А-3/101 «Об утверждении положения о государственном учреждении «Управление здравоохранения Акмолинской области»
Атауы (қаз.)
«Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» Ақмола облысы әкімдігінің 2015 жылғы 12 наурыздағы № А-3/101 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
А-7/308
Қабылданған күні
29.06.2015
Көрсетілген редакция
17.05.2016 92507_169616.kaz
Соңғы өзгеріс
17.05.2016
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V15B0004923
ЭКБ идентификаторы
92507
Редакция идентификаторы
92507_169616
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 14:20

0 «Ақмола облысының денсаулық

сақтау басқармасы» мемлекеттік
мекемесі туралы ережені
бекіту туралы» Ақмола облысы
әкімдігінің 2015 жылғы 12 наурыздағы
№ А-3/101 қаулысына өзгерістер
енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республкасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес, Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. «Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» Ақмола облысы әкімдігінің 2015 жылғы 12 наурыздағы № А-3/101 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4748 болып тіркелген, «Арқа ажары» және «Акмолинская правда» газеттерінде 2015 жылғы 25 сәуірде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген «Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережеде:
16-тармақтың екінші, төртінші, бесінші, он бесінші азат жолдары жаңа редакцияда жазылсын:
«халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдарын қоспағанда, денсаулық сақтау субъектілерінің қызметіне мониторинг пен бақылауды ұйымдастырады және жүзеге асырады;»;
«тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету бойынша медициналық және фармацевтикалық қызметтер берушілерді таңдауды және олардың шығындарын өтеуді жүзеге асырады;
тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету шеңберінде дәрілік заттарды, профилактикалық (иммундық-биологиялық, диагностикалық, дезинфикациялаушы) препараттарды:
амбулаториялық деңгейде – уәкілетті орган бекітетін тізбеге сәйкес;
стационарлық деңгейде – дәрілік формулярлар шегінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен сатып алуды және сақтауды жүзеге асырады;»;
«денсаулық сақтау саласындағы кадрларды даярлау, олардың бiлiктiлiгiн арттыруды және оларды қайта даярлау жөнiндегi қызметтi ұйымдастырады және үйлестiредi;».

2 2. «Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ереженің мәтініне енгізілген өзгерістер бекітілсін.

3 3. «Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте және мерзімде енгізілген өзгерістер туралы әділет органдарына хабарлауды қамтамасыз етсін.

4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Н.Ж. Нұркеновке жүктелсін.

5 5. Осы облыс әкімдігінің қаулысы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

6 Ақмола облысы әкімдігінің

2015 жылғы 29 маусымдағы
№ А-7/308 қаулысымен
бекітілді
«Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасы»
мемлекеттік мекемесі туралы ережеге енгізілетін өзгерістердің мәтін
16-тармақтың екі, төрт, бес, он бесінші азат жолдары жаңа редакцияда жазылсын:

Қолданыстағы