О внесении изменений в постановление акимата Павлодарской области от 12 февраля 2015 года № 37/2 «Об утверждении норматива субсидий закупаемой сельскохозяйственной продукции»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в постановление акимата Павлодарской области от 12 февраля 2015 года № 37/2 «Об утверждении норматива субсидий закупаемой сельскохозяйственной продукции»
- Атауы (қаз.)
- Павлодар облысы әкімдігінің 2015 жылғы 12 ақпандағы «Сатып алынатын ауылшаруашылық өнімдерінің субсидиялар нормативін бекіту туралы» № 37/2 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 307/11
- Қабылданған күні
- 03.11.2015
- Көрсетілген редакция
- 25.05.2021 95963_525613.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 25.05.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V15P0004824
- ЭКБ идентификаторы
- 95963
- Редакция идентификаторы
- 95963_525613
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 12:46
0 Павлодар облысы әкімдігінің
2015 жылғы 12 ақпандағы
«Сатып алынатын
ауылшаруашылық өнімдерінің
субсидиялар нормативін
бекіту туралы» № 37/2 қаулысына
өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі «Агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Заңының 7-бабы 2-тармағының 12-6) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 13 мамырдағы «Кепілдендірілген сатып алу бағасы мен стып алу бағасы белгіленетін ауылшаруашылық өнімінің тізбесін бекіту туралы» № 486 қаулысына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2014 жылғы 26 қарашадағы № 3-2/615 бұйрығымен бекітілген Өңдеуші кәсіпорындардың ауылшаруашылық өнімін тереңдете өңдеп өнім өндіруі үшін оны сатып алу шығындарын субсидиялау қағидаларының 5-тармағына сәйкес Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Павлодар облысы әкімдігінің 2015 жылғы 12 ақпандағы «Сатып алынатын ауылшаруашылық өнімдерінің субсидиялар нормативін бекіту туралы» № 37/2 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4315 болып тіркелді, 2015 жылғы 6 наурызда «Регион.КZ» газетінде жарияланды) келесідей өзгерістер енгізілсін:
прембуласында «Қайта өңдеуші кәсіпорындардың ауылшаруашылық өнімін тереңдете қайта өңдеп шығару үшін оны сатып алу шығындарын субсидиялау қағидаларын және кепілдендірілген сатып алу бағасы мен сатып алу бағасы белгіленетін ауылшаруашылық өнімінің тізбесін бекіту туралы» деген сөздер «Кепілдендірілген сатып алу бағасы мен сатып алу бағасы белгіленетін ауылшаруашылық өнімінің тізбесін бекіту» деген сөздермен ауыстырылсын;
көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2 2. «Павлодар облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте:
осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
осы қаулы аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелгеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
осы қаулыны Павлодар облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары
Н.К. Әшімбетовке жүктелсiн.
4 4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
5 Павлодар облысы әкімдігінің
2015 жылғы « 3 » қарашадағы
№ 307/11 қаулысына
қосымша
Сатып алынатын ауылшаруашылық өнімінің
субсидиялар нормативі
Ауылшаруашылық өнім атауы
Тереңдете өңделген өнімдердің атауы
Шикізатқа қайта есептелген субсидиялар нормативтері, теңге/л
(теңге/кг)
Сүт
Сары май
16,0
Сүт
Қатты ірімшік
20,0
Сүт
Құрғақ сүт
(майы алынған)
15,0