Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в постановление акимата Павлодарской области от 12 февраля 2015 года № 37/2 «Об утверждении норматива субсидий закупаемой сельскохозяйственной продукции»

Қаулы · № 137/2 · қабылданған 03.05.2019
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/12-2015-no-372/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О внесении изменений в постановление акимата Павлодарской области от 12 февраля 2015 года № 37/2 «Об утверждении норматива субсидий закупаемой сельскохозяйственной продукции» Күшін жойған Қаулы ·№ 137/2 ·03.05.2019
25.05.2021 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.05.2021. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в постановление акимата Павлодарской области от 12 февраля 2015 года № 37/2 «Об утверждении норматива субсидий закупаемой сельскохозяйственной продукции»

Күшін жойған Қаулы ·№ 137/2 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в постановление акимата Павлодарской области от 12 февраля 2015 года № 37/2 «Об утверждении норматива субсидий закупаемой сельскохозяйственной продукции»
Атауы (қаз.)
Павлодар облысы әкімдігінің 2015 жылғы 12 ақпандағы «Сатып алынатын ауылшаруашылық өнімдерінің субсидиялар нормативін бекіту туралы» № 37/2 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
137/2
Қабылданған күні
03.05.2019
Көрсетілген редакция
25.05.2021 131076_525609.kaz
Соңғы өзгеріс
25.05.2021
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V19P0006337
ЭКБ идентификаторы
131076
Редакция идентификаторы
131076_525609
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 20:06

0 Павлодар облысы әкімдігінің 2015 жылғы 12 ақпандағы

«Сатып алынатын ауылшаруашылық өнімдерінің субсидиялар нормативін бекіту туралы» № 37/2 қаулысына
өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Заңының 7-бабы 2-тармағының 12-6) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 13 мамырдағы «Кепілдендірілген сатып алу бағасы мен сатып алу бағасы белгіленетін ауылшаруашылық өнімнің тізбесін бекіту туралы» № 486 қаулысына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 26 қарашадағы № 3-2/615 бұйрығымен бекітілген Өңдеуші кәсіпорындардың ауылшаруашылық өнімін тереңдете өңдеп өнім өндіруі үшін оны сатып алу шығындарын субсидиялау қағидаларының 5-тармағына сәйкес Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Павлодар облысы әкімдігінің 2015 жылғы 12 ақпандағы «Сатып алынатын ауылшаруашылық өнімдерінің субсидиялар нормативін бекіту туралы» № 37/2 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4315 болып тіркелген, 2015 жылғы 02 наурызда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) қаулысына келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулының қосымшасында «Шикізатқа қайта есептелген субсидиялар нормативтері, теңге/л (теңге/кг)» бағанында «12,0» сандары «16,15» сандарына және «20,0» сандары «18,95» сандарына ауыстырылсын.

2 2. «Павлодар облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте:

осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және оған енгізу үшін жіберуді;
осы қаулыны Павлодар облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Қ.Т. Нүкеновке жүктелсін.

4 4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы