О внесении изменений в постановление акимата Карагандинской области от 12 августа 2015 года № 45/08 «Об утверждении регламентов государственных услуг в сфере физической культуры и спорта»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в постановление акимата Карагандинской области от 12 августа 2015 года № 45/08 «Об утверждении регламентов государственных услуг в сфере физической культуры и спорта»
- Атауы (қаз.)
- «Дене шынықтыру және спорт саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» Қарағанды облысы әкімдігінің 2015 жылғы 12 тамыздағы № 45/08 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 26/02
- Қабылданған күні
- 15.04.2016
- Көрсетілген редакция
- 03.07.2020 102919_469896.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 03.07.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V16K0003823
- ЭКБ идентификаторы
- 102919
- Редакция идентификаторы
- 102919_469896
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 09:34
0 «Дене шынықтыру және
спорт саласында мемлекеттік
көрсетілетін қызметтер
регламенттерін бекіту туралы»
Қарағанды облысы әкімдігінің
2015 жылғы 12 тамыздағы № 45/08
қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңдарына, Қазақстан Республикасы мәдениет және спорт Министрі міндетін атқарушысының 2015 жылғы 26 қарашадағы №363 «Дене шынықтыру және спорт саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт Министрінің 2015 жылғы 17 сәуірдегі № 139 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» бұйрығына сәйкес, (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №12814 болып тіркелген) Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Қарағанды облысы әкімдігінің 2015 жылғы 12 тамыздағы № 45/08 «Дене шынықтыру және спорт саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №3414 болып тіркелген, 2015 жылғы 8 қазандағы № 160-161 (22043) «Орталық Қазақстан», 2015 жылғы 8 қазандағы № 139 (21890)«Индустриальная Караганда» газеттерінде, 2015 жылы 7 қазанда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жаряланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
1 1) тармақшаның 3) көрсетілген қаулысы келесі редакцияда жазылсын:
«3) «Жергілікті спорт федерацияларын аккредиттеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
2 2) «Жергілікті спорт федерацияларын ааккредиттеу туралы куәлік беру»мемлекеттік көрсетілетін қызметі регламентінде:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«Жергілікті спорт федерацияларын аккредиттеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 17 сәуірдегі № 139 «Дене шынықтыру және спорт саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы»(Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №11276 болып тіркелген) бұйрығымен бекітілген«Жергілікті спорт федерацияларын аккредиттеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (бұдан әрі - стандарт) сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет «Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесімен көрсетіледі»;
1 және 2-қосымшалар осы қаулыға 1 және 2-қосымшаларға сәйкес редакцияда жазылсын.
2 2. Қарағанды облысы әкімдігінің 2016 жылғы 2 наурыздағы № 11/06 «Дене шынықтыру және спорт саласында мемлекеттіккөрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» Қарағанды облысы әкімдігінің 2015 жылғы 12 тамыздағы № 45/08 қаулысынаөзгерістеренгізу туралы» қаулысы жойылсын.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қарағанды облысы әкімінің жетекшілік жасайтын орынбасарына жүктелсін.
4 4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
7 Қарағанды облысы әкімдігінің
2016 жылғы «15» сәуірдегі №26/02
қаулысына 1 қосымшасы
«Жергілікті спорт
федерацияларын аккредиттеу »
мемлекеттік
көрсетілетін қызмет регламентіне
1 қосымша
Портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсетуге тартылған ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара іс-қимыл диаграммасы
8 Қарағанды облысы әкімдігінің
2016 жылғы «15»сәуірдегі №26/02
қаулысына 2 косымшасы
«Жергілікті спорт федерацияларын аккредиттеу »
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне
2 қосымша
«Жергілікті спорт федерацияларын аккредиттеу » мемлекеттік көрсетілетін қызмет
көрсетудің бизнес-процестері анықтамалығы
*ҚФБ - құрылымдық-функционалдық бірлік: көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің), халыққа қызмет көрсету орталықтарының, «электрондық үкімет» веб-порталының өзара іс-қимылдары;