О внесении изменения в приказ Министра юстиции Республики Казахстан от 12 февраля 2015 года № 78 "Об утверждении Регламента Министерства юстиции Республики Казахстан"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в приказ Министра юстиции Республики Казахстан от 12 февраля 2015 года № 78 "Об утверждении Регламента Министерства юстиции Республики Казахстан"
- Атауы (қаз.)
- "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің регламентін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 12 ақпандағы № 78 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 467
- Қабылданған күні
- 24.08.2015
- Көрсетілген редакция
- 12.01.2017 93342_138895.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 12.01.2017
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1500011950
- ЭКБ идентификаторы
- 93342
- Редакция идентификаторы
- 93342_138895
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 13:36
0 «Қазақстан Республикасы Әділет
министрлігінің регламентін
бекіту туралы» Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің 2015 жылғы 12 ақпандағы
№ 78 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің жұмысын ұйымдастыруды жетілдіру мақсатында, «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1-бабы 1-тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 18 наурыздағы «Әділет органдары туралы» Заңының 7-бабы 2-тармағының 3) тарамақшасын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 12 ақпандағы № 78 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді тіркеудің мемлекеттік Реестрінде № 10342 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылдың 6 наурызында жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
Аталған бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Регламентінде:
82 - тармақты келесі редакцияда жазылсын:
«82. № 840 Қағидалардың 19-1-тармағының талаптарына сәйкес Министрліктің құрылымдық бөлімшелері әзірлеген заңнамалық актілердің жобалары Қазақстан Республикасы Үкіметінің Заң жобалау жұмыстарының жоспарында белгіленген, оларды Министрлікке ұсыну мерзіміне дейін 1 ай бұрын Заңнама департаментіне және облыстардың, Астана мен Алматы қалаларының әділет департаменттеріне келісуге жіберіледі».