Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 12 ноября 2015 года № 892 «Об утверждении Правил (методики) ценообразования на природный газ»

Қаулы · № 829 · қабылданған 20.12.2016
Заңдық күші: Қолданыста · 19.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/12-2015-no-892/on/2026-08-19/
Басып шығарылды 2026-08-19 · adilet.kz
О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 12 ноября 2015 года № 892 «Об утверждении Правил (методики) ценообразования на природный газ» Қолданыста Қаулы ·№ 829 ·20.12.2016
20.12.2016 редакциясы
19.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.12.2016. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 12 ноября 2015 года № 892 «Об утверждении Правил (методики) ценообразования на природный газ»

Қолданыста Қаулы ·№ 829 · 19.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 12 ноября 2015 года № 892 «Об утверждении Правил (методики) ценообразования на природный газ»
Атауы (қаз.)
«Табиғи газға баға белгілеу қағидаларын (әдістемесін) бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 12 қарашадағы № 892 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
829
Қабылданған күні
20.12.2016
Көрсетілген редакция
20.12.2016 108367_131292.kaz
Соңғы өзгеріс
20.12.2016
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P1600000829
ЭКБ идентификаторы
108367
Редакция идентификаторы
108367_131292
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 06:50

0 «Табиғи газға баға белгілеу қағидаларын (әдістемесін) бекіту туралы»

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 12 қарашадағы
№ 892 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. «Табиғи газға баға белгілеу қағидаларын (әдістемесін) бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 12 қарашадағы № 892 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 57-58, 453-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Табиғи газға баға белгілеу қағидаларында (әдістемесінде):
3-тармақта:
бесінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«P0 – 2001 жылғы 28 қарашадағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Газ саласындағы ынтымақтастық туралы және 2006 жылғы 3 қазандағы Орынбор газ өңдеу зауытының базасында шаруашылық қоғамын құрудағы ынтымақтастық туралы келісімдерде уәкілетті ұйымдар болып тағайындалған заңды тұлғалар айқындайтын коэффициентке көбейтілген ұзақ мерзімді келісімшарт жасасу күніне айқындалатын табиғи газға арналған базалық баға;»;
он екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«D – Қазақстан Республикасының трансферттік баға белгілеу туралы заңнамасына сәйкес табиғи газға мәміле бағасын салыстырмалы экономикалық шарттарға келтіру үшін қолданылатын және осы Қағидалардың 5 және 6-тармақтарының ережелері ескеріле отырып, айқындалатын табиғи газды сатып алу-сатуға арналған келісімшартта айқындалған табиғи газды жеткізу шарттарына байланысты ескерілетін дифференциал.»;
5, 6-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Табиғи газға мәміле бағасын салыстырмалы экономикалық шарттарға келтіру мақсатында дифференциалға табиғи газды ұзақ мерзімді келісімшартта айқындалған жеткізу базисінен табиғи газды өткізу (меншік құқығын ауыстыру) жүргізілетін жеткізу базисіне дейін тасымалдау жөніндегі құжат түрінде және (немесе) ақпарат көздерімен негізделген және расталған шығыстар енгізіледі. Қазақстан Республикасы/Ресей Федерациясының шекарасы «Александров Гай» газ өлшеу станциясы DAP жеткізу базисінде табиғи газды өткізген кезде дифференциал мәні нөлге теңестіріледі.
6. Дифференциалдың құрамдас бөліктері табиғи газды өткізу (меншік құқығын ауыстыру) жүргізілетін жеткізу базисіне дейін жеткізуге, сондай-ақ оны өткізуге байланысты бастапқы құжаттармен және (немесе) Заңның 18-бабында белгіленген кезектілік бойынша ақпарат көздерімен расталады.».

2 2. Осы қаулы 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы