О внесении изменений и дополнений в постановление акимата Южно-Казахстанской области от 12 июня 2015 года №167 «О мерах по реализации приказа исполняющего обязанности Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 27 февраля 2015 года №4-3/177 «Об утверждении Правил субсидирования повышения урожайности и качества продукции растениеводства, стоимости горюче-смазочных материалов и других товарно-материальных ценностей, необходимых для проведения весенне-полевых и уборочных работ, путем су
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнений в постановление акимата Южно-Казахстанской области от 12 июня 2015 года №167 «О мерах по реализации приказа исполняющего обязанности Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 27 февраля 2015 года №4-3/177 «Об утверждении Правил субсидирования повышения урожайности и качества продукции растениеводства, стоимости горюче-смазочных материалов и других товарно-материальных ценностей, необходимых для проведения весенне-полевых и уборочных работ, путем су
- Атауы (қаз.)
- Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 12 маусымдағы №167 «Басым дақылдар өндіруді субсидиялау арқылы өсімдік шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгі егіс пен егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін қажетті басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 290
- Қабылданған күні
- 10.11.2016
- Көрсетілген редакция
- 10.11.2016 107602_122606.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 10.11.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V16U0003876
- ЭКБ идентификаторы
- 107602
- Редакция идентификаторы
- 107602_122606
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 07:18
0
Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 12 маусымдағы №167 «Басым дақылдар өндіруді субсидиялау арқылы өсімдік шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгі егіс пен егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін қажетті басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 ақпандағы №4-3/177 бұйрығын іске асыру туралы» қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
«Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабының 1-тармағының 5) тармақшасына, «Басым дақылдар өндіруді субсидиялау арқылы өсімдік шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгі егіс пен егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін қажетті басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 ақпандағы №4-3/177 бұйрығына сәйкес Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 12 маусымдағы №167 «Басым дақылдар өндіруді субсидиялау арқылы өсімдік шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгі егіс пен егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін қажетті басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 ақпандағы №4-3/177 бұйрығын іске асыру туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3218 болып тіркелген, 2015 жылғы 26 маусымда «Оңтүстік Қазақстан» газетінде жарияланған) қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулының «Оңтүстік Қазақстан облысы басым ауыл шаруашылығы дақылдардың тізбесі» деген 1-қосымшасында:
реттік нөмірі 1 деген жол алынып тасталсын;
реттік нөмірі 4 деген жолда:
«Басым дақылдардың атауы» деген бағанындағы «майкене» деген сөз алынып тасталсын;
реттік нөмірі 9 деген жол алынып тасталсын;
көрсетілген қаулының «Оңтүстік Қазақстан облысы басым дақылдар өндіруді субсидиялау арқылы өсімдік шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгі егіс пен егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін қажетті басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын арзандатуға арналған субсидиялар нормалары (1 гектарға және (немесе) 1 тоннаға)» деген 2-қосымшасында:
реттік нөмірі 1 деген жол алынып тасталсын;
реттік нөмірі 3 деген жолда:
«1 гектарға арналған субсидиялар нормалары, теңге» деген бағанындағы «25 000» деген сандар «30 000» деген сандармен ауыстырылсын;
реттік нөмірі 4 деген жолда;
«Басым дақылдардың атауы» деген бағанындағы «майкене» деген сөз алынып тасталсын;
«1 гектарға арналған субсидиялар нормалары, теңге» деген бағанындағы «3 000» деген сандар «4 000» деген сандармен ауыстырылсын;
реттік нөмірі 4.1 деген жолда:
«Басым дақылдардың атауы» деген бағанындағы «майкене» деген сөз алынып тасталсын;
«1 тоннаға арналған субсидиялар нормалары, теңге» деген бағанындағы «3 000» деген сандар «4 000» деген сандармен ауыстырылсын;
реттік нөмірі 5 деген жолда:
«1 гектарға арналған субсидиялар нормалары, теңге» деген бағанындағы «11 000» деген сандар «15 000» деген сандармен ауыстырылсын;
реттік нөмірі 5.1 деген жолда:
«1 тоннаға арналған субсидиялар нормалары, теңге» деген бағанындағы «4 400» деген сандар «6 000» деген сандармен ауыстырылсын;
реттік нөмірі 9 деген жол алынып тасталсын;
реттік нөмірі 11 деген жолда:
«Басым дақылдардың атауы» деген бағанындағы «Өнеркәсіптік жылыжай кешенінде» деген сөздердің алдына «Жарықты» сөзімен толықтырылсын;
«1 гектарға арналған субсидиялар нормалары, теңге» деген бағанындағы «3 000 000» деген сандар «5 000 000» деген сандармен ауыстырылсын;
реттік нөмірі 11-1 мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
«
11-1
Жарықсыз өнеркәсіптік жылыжай кешенінде өсірілген қорғалған топырақтағы көкөністер
(1 дақыл айналымына)
2 500 000
».
2 2. «Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен белгіленген тәртіпте:
1 1) осы қаулының Оңтүстік Қазақстан облысының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын;
2 2) осы қаулының Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
3 3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары Д.А. Сатыбалдыға жүктелсін.
Д.А.Сатыбалды
Е.А.Әлімқұлов
Ж.Қ.Бөкенбаев
Е.Ә.Садыр
Ұ.Сәдібеков
С.Қ.Тұяқбаев
Р.Ж.Мүлкеманов
К.Н.Мендебаев