О внесении изменений в решение Экибастузского городского маслихата от 12 апреля 2016 года № 13/3 «Об утверждении дополнительного порядка проведения мирных собраний, митингов, шествий, пикетов и демонстраций»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение Экибастузского городского маслихата от 12 апреля 2016 года № 13/3 «Об утверждении дополнительного порядка проведения мирных собраний, митингов, шествий, пикетов и демонстраций»
- Атауы (қаз.)
- Екібастұз қалалық мәслихатының 2016 жылғы 12 сәуірдегі «Бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізудің қосымша тәртібін бекіту туралы» № 13/3 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 380/48
- Қабылданған күні
- 08.10.2019
- Көрсетілген редакция
- 06.08.2020 135225_480999.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 06.08.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V19PC006567
- ЭКБ идентификаторы
- 135225
- Редакция идентификаторы
- 135225_480999
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 18:16
0 Екібастұз қалалық мәслихатының 2016 жылғы 12 сәуірдегі «Бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізудің қосымша тәртібін бекіту туралы» № 13/3 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 наурыздағы «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткізу тәртібі туралы» Заңының 10-бабына, Павлодар облысы әкімдігінің 2018 жылғы 31 қаңтардағы № 1 және Павлодар облыстық мәслихатының 2018 жылғы 31 қаңтардағы «Павлодар облысы Павлодар, Екібастұз қалаларының кейбір көшелерін қайта атау туралы» № 209/20 бірлескен қаулысы мен шешіміне сәйкес, Екібастұз қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. Екібастұз қалалық мәслихатының 2016 жылғы 12 сәуірдегі «Бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізудің қосымша тәртібін бекіту туралы» № 13/3 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 5094 болып тіркелген, 2016 жылғы 04 мамырда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды) келесі өзгерістер енгізілсін:
осы шешімнің 9-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
«9. Екібастұз қаласы аумағында митингілер, жиналыстар мен пикеттерді өткізетін орындар болып келесі орындар белгіленсін:
1) Екібастұз қаласы, Шешембеков көшесі бойынша орналасқан «Шахтер» мәдениет және демалыс саябағы;
2) Екібастұз қаласы, Бауыржан Момышұлы көшесі бойынша орналасқан интернационалист – жауынгерлер гүлзары.»;
осы шешімнің 10-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
«10. Екібастұз қаласы аумағында шерулер мен демонстрацияларды өткізу үшін келесі бағыттар белгіленсін:
1) Екібастұз қаласы, МәшҺүр Жүсіп көшесі бойынша, С. Торайғыров көшесінен Мұхтар Әуезов көшесіне дейін;
2) Екібастұз қаласы, Мұхтар Әуезов көшесі бойынша, Естай Беркимбаев көшесінен Энергетиктер көшесіне дейін».