О внесении изменений и дополнения в решение Мугалжарского районного маслихата от 12 апреля 2016 года № 14 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан в Мугалжарском районе»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнения в решение Мугалжарского районного маслихата от 12 апреля 2016 года № 14 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан в Мугалжарском районе»
- Атауы (қаз.)
- Мұғалжар аудандық мәслихатының 2016 жылғы 12 сәуірдегі № 14 «Мұғалжар ауданында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 62
- Қабылданған күні
- 21.12.2016
- Көрсетілген редакция
- 14.12.2020 109528_500590.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 14.12.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V16CI005252
- ЭКБ идентификаторы
- 109528
- Редакция идентификаторы
- 109528_500590
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 06:49
0 Мұғалжар аудандық мәслихатының 2016 жылғы 12 сәуірдегі № 14 «Мұғалжар ауданында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы № 95-IV Бюджет кодексінің 56 бабының 1 тармағының 4) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Үлгілік қағидаларын бекіту туралы» қаулысының 2 тармағына сәйкес, Мұғалжар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. Мұғалжар аудандық мәслихатының 2016 жылғы 12 сәуірдегі № 14 «Мұғалжар ауданында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4930 тіркелген, 2016 жылы 9 маусымда аудандық «Мұғалжар» газетінде жарияланған) шешіміне мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген, Мұғалжар ауданында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидаларында:
«1. Жалпы ережелер» тарауында:
2 тармақта:
мынадай мазмұндағы 1) тармақшамен толықтырылсын:
«1) «Азаматтарға арналған үкімет» коммерциялық емес акционерлік қоғамының мемлекеттік корпорациясы Ақтөбе облысы бойынша филиалы – «Әлеуметтік төлемдерді ведомствоаралық есептеу орталығы» Департаментінің Мұғалжар аудандық бөлімшесі (бұдан әрі – уәкілетті ұйым);»;
1) тармақша 1–1) тармақша болып есептелсін;
8) тармақша алып тасталсын.
«3. Әлеуметтік көмекті көрсету тәртібі» тарауында:
орыс тіліндегі мәтінде 15 тармақтың бірінші абзацы мынадай жаңа редакцияда жазылсын, мемлекеттік тіліндегі мәтін өзгертілмейді:
«15. Социальная помощь к памятным датам и праздничным дням оказывается по спискам, утверждаемых акимом Мугалжарского района по представлению уполномоченной организации района, осуществляющего назначения и выплату социальной помощи либо иных организаций без истребования заявлений от получателей.».
2 2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
«Ақтөбе облысының жұмыспен қамтуды
үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар
басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы
_________________ Қ. Отаров