Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в решение Мугалжарского районного маслихата от 12 апреля 2016 года № 14 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан в Мугалжарском районе»

Ереже · № 373 · қабылданған 19.12.2019
Заңдық күші: Күшін жойған · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/12-2016-no-14-ekb-137511/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
О внесении изменений в решение Мугалжарского районного маслихата от 12 апреля 2016 года № 14 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан в Мугалжарском районе» Күшін жойған Ереже ·№ 373 ·19.12.2019
14.12.2020 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 14.12.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в решение Мугалжарского районного маслихата от 12 апреля 2016 года № 14 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан в Мугалжарском районе»

Күшін жойған Ереже ·№ 373 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в решение Мугалжарского районного маслихата от 12 апреля 2016 года № 14 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан в Мугалжарском районе»
Атауы (қаз.)
Мұғалжар аудандық мәслихатының 2016 жылғы 12 сәуірдегі № 14 «Мұғалжар ауданында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
373
Қабылданған күні
19.12.2019
Көрсетілген редакция
14.12.2020 137511_500582.kaz
Соңғы өзгеріс
14.12.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V19CI006601
ЭКБ идентификаторы
137511
Редакция идентификаторы
137511_500582
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 17:16

0 Мұғалжар аудандық мәслихатының 2016 жылғы 12 сәуірдегі № 14 «Мұғалжар ауданында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу

және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау
қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 56 бабының 1 тармағының 4) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Үлгілік қағидаларын бекіту туралы» қаулысының 2 тармағына сәйкес, Мұғалжар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1

1. Мұғалжар аудандық мәслихатының 2016 жылғы 12 сәуірдегі № 14 «Мұғалжар ауданында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4930 тіркелген, 2016 жылғы 30 мамырда «Әділет» Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық құқықтық жүйесінде жарияланған) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Мұғалжар ауданында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларында:
8 тармақ келесі редакцияда жазылсын:
«8. Ай сайынғы әлеуметтік көмек табыстарын есепке алмай көрсетіледі:
1) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне әлеуметтік-тұрмыстық қажеттілігіне, айына 8 000 (сегіз мың) теңге мөлшерінде;
2) үйде оқитын мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз ету үшін олардың ата-аналарына немесе заңды өкілдеріне, білім беру кезеңіне, бір мүгедек балаға айына 2 (екі) айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде;
3) онкологиялық аурудан зардап шегетін азаматтарға, ҚТВ инфекциясын жұқтырған және туберкулездің әртүрлі түрімен ауыратын науқастарға, ай сайын ұсынылатын ауданның медициналық мекемелері берген тізімдерге сәйкес жылына алты айға дейінгі амбулаториялық ем алу мерзіміне, 10 (он) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
4) Ұлы Отан соғысына қатысушылары мен мүгедектеріне, I, II, III топтағы мүгедектерге, 16 жасқа дейінгі мүгедектерге және оларды ертіп жүруші тұлғаларға, «Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі – облыстық денсаулық сақтау басқармасы) жолдамасы бойынша емделуге төленетін жол шығындарын өтеу үшін;
5) жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының қатысушыларына және мүгедектеріне теңестірілген адамдарға, жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысы қатысушыларына теңестірілген адамдардың басқа да санаттарына жылу маусымының 7 айы ішінде (қаңтардан сәуірге дейін, қазаннан желтоқсанға дейін) коммуналдық қызметтерге 3 500 (үш мың бес жүз) теңге мөлшерiнде.»;
9 тармақта:
1) тармақшасында:
«300 000 (үш жүз мың)» сандары «500 000 (бес жүз мың)» сандарына
ауыстырылсын;
16 тармақта:
2) тармақша алынып тасталсын;
17 тармақта:
3) тармақша алынып тасталсын.

2 2. «Мұғалжар аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен осы шешімді Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.

3 3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
«Ақтөбе облысының жұмыспен
қамтуды үйлестіру және әлеуметтік
бағдарламалар басқармасы»
мемлекеттік мекемесі басшысының
міндетін атқарушы
___________________ Б. Бисенгалиева
_____ ____________ 2019 жыл

Қолданыстағы