О внесении изменений и дополнений в решение Мугалжарского районного маслихата от 12 апреля 2016 года № 14 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан в Мугалжарском районе»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнений в решение Мугалжарского районного маслихата от 12 апреля 2016 года № 14 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан в Мугалжарском районе»
- Атауы (қаз.)
- Мұғалжар аудандық мәслихатының 2016 жылғы 12 сәуірдегі № 14 «Мұғалжар ауданында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 431
- Қабылданған күні
- 08.04.2020
- Көрсетілген редакция
- 14.12.2020 141697_500584.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 14.12.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V20CI007035
- ЭКБ идентификаторы
- 141697
- Редакция идентификаторы
- 141697_500584
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 15:09
0 Мұғалжар аудандық мәслихатының 2016 жылғы 12 сәуірдегі № 14 «Мұғалжар ауданында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу
және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау
қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 56 бабының 1 тармағының 4) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы №504 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Үлгілік қағидаларын бекіту туралы» қаулысының 2 тармағына сәйкес, Мұғалжар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. Мұғалжар аудандық мәслихатының 2016 жылғы 12 сәуірдегі № 14 «Мұғалжар ауданында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4930 тіркелген, 2016 жылғы 30 мамырда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің «Әділет» ақпараттық құқықтық жүйесінде жарияланған) шешіміне келесідей өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Мұғалжар ауданында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларында:
келесідей мазмұндағы 8-1 тармақпен толықтырылсын:
«8-1. Төтенше жағдай кезінде бір жолғы 20 000 (жиырма мың) теңге көлемінде әлеуметтік көмек көрсетіледі:
1) уәкілетті ұйымның берген тізіміне сәйкес, табыс көзі ескерілмей бірінші, екінші, үшінші топ мүгедектеріне, он алты жасқа дейінгі мүгедек балаларға, мүгедек баланы тәрбиелеп отырған ата-аналарға;
2) ауданның медициналық мекемелері берген тізімдерге сәйкес, амбулаториялық ем қабылдап жатқан онкологиялық аурудан зардап шегетін азаматтарға, туберкулездің әртүрлі түрімен ауыратын науқастарға;
3) уәкілетті органда есепте тұрған жалғыз басты және жалғыз тұратын зейнеткерлерге;
4) атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, аз қамтылған отбасының (азаматтың) жан басына шаққандағы орташа табысы Ақтөбе облысы бойынша төменгі күнкөріс деңгейі мөлшерінен 1(бір) еседен аспаған жағдайда.».
9 тармақта:
1) тармақшасында:
«500 000 (бес жүз мың)» сандары мен сөздері «1 000 000 (бір миллион)» сандары мен сөздеріне ауыстырылсын;
4) тармақшасында:
«15 000 (он бес мың)» сандары мен сөздері «30 000 (отыз мың)» сандары мен сөздеріне ауыстырылсын.
2 2. «Мұғалжар аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен осы шешімді Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
3 3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
«Ақтөбе облысының жұмыспен
қамтуды үйлестіру және әлеуметтік
бағдарламалар басқармасы»
мемлекеттік мекемесінің басшысы
___________________ Б. Елеусінова
_____ ____________ 2020 жыл