О внесении изменения в постановление акимата Северо-Казахстанской области от 12 мая 2016 года № 153 «Об утверждении регламента государственной услуги «Аккредитация заготовительных организаций в сфере агропромышленного комплекса»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в постановление акимата Северо-Казахстанской области от 12 мая 2016 года № 153 «Об утверждении регламента государственной услуги «Аккредитация заготовительных организаций в сфере агропромышленного комплекса»
- Атауы (қаз.)
- «Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдарды аккредиттеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 12 мамырдағы № 153 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 4
- Қабылданған күні
- 10.01.2019
- Көрсетілген редакция
- 05.04.2019 128314_398187.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 05.04.2019
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V19S0005196
- ЭКБ идентификаторы
- 128314
- Редакция идентификаторы
- 128314_398187
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 21:23
0 «Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдарды аккредиттеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 12 мамырдағы № 153 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабы 2-тармағына және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 16-бабы 3-тармағына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. «Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдарды аккредиттеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 12 мамырдағы № 153 қаулысына (2016 жылғы 21 маусым «Әділет» Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық - құқықтық жүйесінде жарияланды, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3776 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген «Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдарды аккредиттеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде 1-қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2 2. «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі мыналарды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте қамтамасыз етсін:
1 1) осы қаулыны «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркеуді;
2
2) осы әкімдік қаулысын мемлекеттік тіркеген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның мемлекеттік және орыс тіліндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының филиалы - Солтүстік Қазақстан аймақтық құқықтық ақпарат орталығына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін жолдауды;
3 3) осы қаулыны ресми жариялағаннан кейін Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің жетекшілік ететін мәселелер жөніндегі орынбасарына жүктелсін.
4 4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
8 Көрсетілетін қызметті беруші
Солтүстік Қазақстан облысы
әкімдігінің 2019 жылғы
«10» қантары № 4
қаулысына
қосымша
«Агроөнеркәсіптік кешен
саласындағы дайындаушы
ұйымдарды аккредиттеу»
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет регламентіне
1-қосымша
Көрсетілетін қызметті беруші
Р/с
№
Облыстың жергілікті атқарушы органы
Заңды мекенжайы
Жұмыс кестесі
1
2
3
4
1
«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің
ауыл шаруашылығы басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Солтүстік Қазақстан облысы
Петропавл қаласы Парк көшесі, 57В
Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден жұмаға дейін (қоса алғанда), сағат 13.00-ден 14.00-ге, 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен, сағат 8.00, 8.30, 9.00-ден 18.00, 18.30, 19.00-ге дейін.