«О внесении изменения в приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 12 января 2016 года № 20 «Об утверждении требований к научным изданиям для включения их в перечень изданий, рекомендуемых для публикации результатов научной деятельности»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- «О внесении изменения в приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 12 января 2016 года № 20 «Об утверждении требований к научным изданиям для включения их в перечень изданий, рекомендуемых для публикации результатов научной деятельности»
- Атауы (қаз.)
- «Ғылыми қызметтің нәтижелерін жариялау үшін ұсынылатын басылымдар тізбесіне қосу үшін ғылыми басылымдарға қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 12 қаңтардағы № 20 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы»
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 89
- Қабылданған күні
- 25.02.2019
- Көрсетілген редакция
- 25.02.2019 129450_392084.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 25.02.2019
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1900018356
- ЭКБ идентификаторы
- 129450
- Редакция идентификаторы
- 129450_392084
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 21:00
0 «Ғылыми қызметтің нәтижелерін жариялау үшін ұсынылатын басылымдар тізбесіне қосу үшін ғылыми басылымдарға қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 12 қаңтардағы № 20 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы»
БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Ғылыми қызметтің нәтижелерін жариялау үшін ұсынылатын басылымдар тізбесіне қосу үшін ғылыми басылымдарға қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 12 қаңтардағы № 20 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13409 болып тіркелген, «Әділет» нормативтік құқықтық актілер ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 14 наурызда жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ғылыми қызметтің нәтижелерін жариялау үшін ұсынылатын басылымдар тізбесіне қосу үшін ғылыми басылымдарға қойылатын талаптарда:
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің, Қазақстан Республикасының прокуратура органдарының және Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің ғылыми басылымдарының кәсіптік қызметінің ерекшелігін ескере отырып, Басылымдар тізбесіне мынадай талаптарға сәйкес келетін ғылыми басылымдар енгізіледі:
1) Заңның 4-3 бабының 2) тармақшасына сәйкес бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы уәкілетті органда есепке қойылу туралы куәліктің болуы (Заңның 12-бабына сәйкес таралымы 100 данаға жетпейтін басылымдардан басқасы);
2) құқық қорғау қызметі, қорғаныс және қауіпсіздік, әскери, әскери-техникалық, қоғамдық және гуманитарлық ғылымдар саласындағы іргелі және қолданбалы зерттеулердің өзекті проблемалары жөніндегі ғылыми жұмыстардың жарияланымы;
3) Стандарттау, метрология және сертификаттау бойынша Мемлекетаралық кеңес қабылдаған (1998 жылғы 28 мамырдағы № 1:3-98 хаттама) «Журналдар, жинақтар, ақпараттық басылымдар. Жарияланатын материалдарды баспалық ресімдеу» ГОСТ 7.5-98 бойынша мақалалардың, сондай-ақ Стандарттау, метрология және сертификаттау бойынша Мемлекетаралық кеңес қабылдаған (2003 жылғы 2 шілдедегі № 12 хаттама) «Библиографиялық жазба. Библиографиялық сипат. Құрастырудың жалпы талаптары және қағидасы» ГОСТ 7.1-2003 бойынша мақалалардағы библиографиялық тізімдерді ресімдеу жөніндегі базалық баспа стандарттарына сәйкестігі туралы ҰМҒТСО-дан берілген анықтаманың болуы;
4) мемлекеттік құпияларды қамтитын басылымдарды қоспағанда, ақпараттық ресурстар арқылы журналға қол жеткізу;
5) шетелдік авторлар жарияланымдарының болуын білдіретін журналдың халықаралық бағыттылығы, сондай-ақ материал жарияланатын ғылым саласындағы журналдың редакция алқасының халықаралық құрамы (мемлекеттік құпияларды қамтымайтын басылымдардан басқа). Журнал орналасқан ақпараттық ресурстарда дәрежесі және ғылыми атағы (болған жағдайда) көрсетілген редакция алқасы мүшелерінің деректері келтіріледі;
6) журналдың уақытылы шығарылуы және басылым мерзімділігі жылына кемінде екі рет, таралымы кемінде екі жүз дана. Мемлекеттік құпияларды қамтитын басылым таралымын баспа айқындайды;
7) тақырыптарына жақын салада зерттеулер жүргізетін мамандардың мақалаларды рецензиялауы;
8) мемлекеттік құпияларды қамтитын басылымдардан басқа, шетел тіліндегі мақалалардың болуы.».
2 2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3 3) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
4
4) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң қызметі және халықаралық ынтымақтастық департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.