О внесении изменений в приказ Председателя Комитета по статистике Министерства национальной экономики Республики Казахстан от 12 октября 2016 года № 238 «Об утверждении Методики по формированию первичных показателей, необходимых для построения экологического счета в Системе национальных счетов»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в приказ Председателя Комитета по статистике Министерства национальной экономики Республики Казахстан от 12 октября 2016 года № 238 «Об утверждении Методики по формированию первичных показателей, необходимых для построения экологического счета в Системе национальных счетов»
- Атауы (қаз.)
- «Ұлттық шоттар жүйесінде экологиялық шоттарды құрастыру үшін қажетті алғашқы көрсеткіштерді қалыптастыру бойынша әдістемені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының 2016 жылғы 12 қазандағы № 238 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 39
- Қабылданған күні
- 13.12.2022
- Көрсетілген редакция
- 13.12.2022 175438_606757.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 13.12.2022
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2200031097
- ЭКБ идентификаторы
- 175438
- Редакция идентификаторы
- 175438_606757
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 22:04
0 «Ұлттық шоттар жүйесінде экологиялық шоттарды құрастыру үшін қажетті алғашқы көрсеткіштерді қалыптастыру бойынша әдістемені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының 2016 жылғы 12 қазандағы № 238 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Ұлттық шоттар жүйесінде экологиялық шоттарды құрастыру үшін қажетті алғашқы көрсеткіштерді қалыптастыру бойынша әдістемені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының 2016 жылғы 12 қазандағы № 238 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2016 жылғы 14 қарашада № 14417 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
бұйрықтың кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
««Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 5) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының 2020 жылғы 23 қазандағы № 9-нқ бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы туралы ереженің 15-тармағы 20) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ұлттық шоттар жүйесінде экологиялық шоттарды құрастыру үшін қажетті алғашқы көрсеткіштерді қалыптастыру бойынша әдістемеде:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Әдістемені Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы (бұдан әрі – Бюро) экологиялық көрсеткіштерді қалыптастыру кезінде қолданады.»;
46-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«46. Экономика салалары бойынша өндіріс қалдықтарының көлемі туралы ақпарат қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның әкімшілік деректері негізінде жыл сайын қалыптастырылады.»;
48-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«48. Өндіріс қалдықтары туралы ақпарат жоғарыда аталған қауіптіліктің 3 деңгейі бойынша қалыптастырылады және: химиялық және медициналық қалдықтар, радиоактивті қалдықтар, металл қалдықтары, қайталама өңдеуге жарайтын металл емес қалдықтар, кәдеге жаратылған жабдық және көлік құралдары, өсімдік және жануарлардан шыққан қалдықтар, аралас тұрмыстық және коммерциялық қалдықтар, минералды-топырақ қалдықтары, жану қалдықтары, өзге де қалдықтар деп топталады. Өндіріс қалдықтары бойынша деректерді қалыптастыру кезінде ЭҚЖЖ номенклатурасы экономикалық қызмет түрін сәйкестендіру үшін қолданылады.».