О внесении изменения в постановление акимата Макатского района от 12 февраля 2016 года № 28 «Об утверждении схемы и правил перевозки в общеобразовательные школы детей, проживающих в отдаленных населенных пунктах Макатского района»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в постановление акимата Макатского района от 12 февраля 2016 года № 28 «Об утверждении схемы и правил перевозки в общеобразовательные школы детей, проживающих в отдаленных населенных пунктах Макатского района»
- Атауы (қаз.)
- «Мақат ауданының шалғайдағы елді мекендерінде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың схемасы мен қағидасын бекіту туралы» Мақат ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 12 ақпандағы № 28 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 99
- Қабылданған күні
- 29.06.2023
- Көрсетілген редакция
- 29.06.2023 183432_639488.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 29.06.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V23TG505706
- ЭКБ идентификаторы
- 183432
- Редакция идентификаторы
- 183432_639488
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 18:08
0 «Мақат ауданының шалғайдағы елді мекендерінде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың схемасы мен қағидасын бекіту туралы» Мақат ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 12 ақпандағы № 28 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Мақат ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Мақат ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 12 ақпандағы № 28 «Мақат ауданының шалғайдағы елді мекендерінде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың схемасы мен қағидасын бекіту туралы» қаулысына (нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3468 болып тіркелген) төмендегідей өзгеріс енгізілсін:
қөрсетілген қаулының 2-қосымшасының 6 тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Балаларды тасымалдауға арналған автобустардың кемінде екі есігі болады және «Жолаушылар мен жүктерді тасымалдауға арналған көлік құралдарына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 11 қаңтардағы № ҚР ДСМ-5 бұйрығымен бекітілген «Жолаушылар мен жүктерді тасымалдауға арналған көлік құралдарына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларының 25-қосымшаның 1 тармағына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттіктіркеу тізімінде № 22066 болып тіркелген) сәйкес келеді, сондай-ақ мыналармен:
1) автобустың алдында және артында орнатылатын «Балаларды тасымалдау» деген төрт бұрыш айыратын белгімен;
2) сары түсті жылтыр шағын маягымен;
3) әрқайсысының сыйымдылығы кемінде екі литр болатын оңай алынатын өрт сөндіргіштермен (біреуі – жүргізушінің кабинасында, басқасы – автобустың жолаушылар салонында);
4) «Автомобильдегі алғашқы медициналық көмек қобдишасының дәрілік заттары мен медициналық мақсаттағы бұйымдарының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2014 жылғы 2 шілдедегі № 368 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде № 9649 болып тіркелген) автомобильдегі алғашқы медициналық көмек қобдишасының дәрілік заттармен және медициналық мақсаттағы бұйымдары бар екі алғашқы көмек дәрі қобдишаларымен (автомобильді);
5) екі жылжуға қарсы тіректермен;
6) авариялық тоқтау белгісімен;
7) колоннада жол жүргенде – автобустың алдыңғы терезесінде қозғалыс бағытымен оң жағында орнатылатын, автобустың колоннадағы орны көрсетілген ақпараттық кестемен жабдықталады».