О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 12 мая 2016 года № 287 «Об утверждении Правил вывода из эксплуатации ядерных и радиационных установок»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 12 мая 2016 года № 287 «Об утверждении Правил вывода из эксплуатации ядерных и радиационных установок»
- Атауы (қаз.)
- «Ядролық және радиациялық қондырғыларды пайдаланудан шығару қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 12 мамырдағы № 287 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 399
- Қабылданған күні
- 10.06.2021
- Көрсетілген редакция
- 22.09.2023 156390_657969.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 22.09.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P2100000399
- ЭКБ идентификаторы
- 156390
- Редакция идентификаторы
- 156390_657969
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 07:55
0 «Ядролық және радиациялық қондырғыларды пайдаланудан шығару қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 12 мамырдағы № 287 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Ядролық және радиациялық қондырғыларды пайдаланудан шығару қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 12 мамырдағы № 287 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Ядролық және радиациялық қондырғыларды пайдаланудан шығару қағидаларында:
1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«1-тарау. Жалпы ережелер»;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Осы Қағидаларда мынадай терминдер мен анықтамалар қолданылады:
1) атом энергиясын пайдалану саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – атом энергиясын пайдалану саласындағы басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
2) пайдаланушы ұйым – атом энергиясы пайдаланылатын объектілермен жұмыс істеу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға;
3) радиациялық қондырғы – өзіне қатысты үй-жайларды, құрылысжайлар мен жабдықтарды қоса алғанда, ядролық материалдармен және (немесе) радиоактивті заттармен жұмыс істеу жүзеге асырылатын, ядролық болып табылмайтын арнайы қондырғы;
4) ядролық қондырғы – табиғи уранды немесе торийді өндіруге және (немесе) қайта өңдеуге арналған қондырғыларды қоспағанда, үй-жайларды, құрылысжайлар мен жабдықтарды қоса алғанда, мына қызмет түрлерінің біреуі немесе бірнешеуі: ядролық материалды шығару, қайта өңдеу, пайдалану, тасымалдау, сақтау, көму жүзеге асырылатын қондырғы.»;
2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«2-тарау. Ядролық қондырғыларды пайдаланудан шығару тәртібі»;
16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«16. Жобалау құжаттамасының ядролық қауіпсіздігіне және (немесе) радиациялық қауіпсіздігіне, және (немесе) ядролық физикалық қауіпсіздігіне сараптама жүргізілуге тиіс. Тиісті оң сараптама қорытындысы алынғаннан кейін жобалау құжаттамасы уәкілетті органға ұсынылады.».