О внесении изменения в постановление акимата Успенского района от 12 февраля 2016 года № 30/2 «Об определении для заказчиков единого организатора государственных закупок и определении бюджетных программ и товаров, работ, услуг, по которым организация и проведение государственных закупок осуществляется единым организатором»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в постановление акимата Успенского района от 12 февраля 2016 года № 30/2 «Об определении для заказчиков единого организатора государственных закупок и определении бюджетных программ и товаров, работ, услуг, по которым организация и проведение государственных закупок осуществляется единым организатором»
- Атауы (қаз.)
- Успен ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 12 ақпандағы «Тапсырыс берушілер үшін мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушысын анықтау және мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру мен өткізуді бірыңғай ұйымдастырушы жүзеге асыратын бюджеттік бағдарламаларды және тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді анықтау туралы» № 30/2 қаулысына өзгерту енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 146/8
- Қабылданған күні
- 22.08.2016
- Көрсетілген редакция
- 23.07.2019 105765_415392.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 23.07.2019
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V16PL005225
- ЭКБ идентификаторы
- 105765
- Редакция идентификаторы
- 105765_415392
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 08:00
0 Успен ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 12 ақпандағы «Тапсырыс берушілер үшін мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушысын анықтау және мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру мен өткізуді бірыңғай ұйымдастырушы жүзеге асыратын бюджеттік бағдарламаларды және тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді анықтау
туралы» № 30/2 қаулысына өзгерту
енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Рес- публикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңы 31-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының 8-бабының 1-тар- мағының 3) тармақшасына сәйкес, Успен ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Успен ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 12 ақпандағы «Тапсырыс берушілер үшін мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушысын анықтау және мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру мен өткізуді бірыңғай ұйымдастырушы жүзеге асыратын бюджеттік бағдарламаларды және тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді анықтау туралы» № 30/2 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4954 болып тіркелді, 2016 жылғы 19 наурызда ауданның № 11 «Аймақ ажары» және «Огни села» газеттерінде жарияланған) келесі өзгерту енгізілсін:
көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакциясында жазылсын.
2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау Успен ауданы әкімінің жетекшілік етуші орынбасарына жүктелсін.
3 3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
4 Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру мен өткізуді мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы жүзеге асыратын бюджеттік бағдарламалар және тауарлар, жұмыстар, қызметтер
Успен ауданы әкімдігінің
2016 жылғы «22» тамыздағы
№ 146/8 қаулысына қосымша
Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру мен өткізуді
мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы жүзеге асыратын бюджеттік бағдарламалар және тауарлар, жұмыстар, қызметтер
№
р/с
Атауы
1.
Ауданның жергілікті атқарушы органының бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыруын көздейтін бюджеттік даму бағдарламаларының шеңберінде конкурс (аукцион) тәсілімен тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді мемлекеттік сатып алу
2.
Сатып алуға бөлінген лоттың (жоспар тармағының) сомасы жиырма мың еселік айлық есептік көрсеткіштен асып кеткен жағдайда, облыстың тапсырыс берушілерінің бастамасы бойынша тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді конкурс (аукцион) тәсілімен сатып алулар
3.
Аудандық атқарушы органдармен көзделген «Жұмыспен қамту Жол картасы – 2020» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде коммуналдық меншік объектілерін салу, қайта жаңғырту, күрделі және ағымдағы жөндеу бойынша іске асырылатын жобалар бойынша тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу