Кіру
Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ председателя Комитета по делам строительства, жилищно-коммунального хозяйства и управления земельными ресурсами Министерства национальной экономики Республики Казахстан от 12 июля 2016 года № 31-нқ «Об утверждении строительных норм Республики Казахстан»

Бұйрық · № 48-НҚ · қабылданған 04.03.2020
Заңдық күші: Күшін жойған · 15.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/12-2016-no-31/on/2026-09-15/
Басып шығарылды 2026-09-15 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ председателя Комитета по делам строительства, жилищно-коммунального хозяйства и управления земельными ресурсами Министерства национальной экономики Республики Казахстан от 12 июля 2016 года № 31-нқ «Об утверждении строительных норм Республики Казахстан» Күшін жойған Бұйрық ·№ 48-НҚ ·04.03.2020
18.10.2023 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
15.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 18.10.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в приказ председателя Комитета по делам строительства, жилищно-коммунального хозяйства и управления земельными ресурсами Министерства национальной экономики Республики Казахстан от 12 июля 2016 года № 31-нқ «Об утверждении строительных норм Республики Казахстан»

Күшін жойған Бұйрық ·№ 48-НҚ · 15.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ председателя Комитета по делам строительства, жилищно-коммунального хозяйства и управления земельными ресурсами Министерства национальной экономики Республики Казахстан от 12 июля 2016 года № 31-нқ «Об утверждении строительных норм Республики Казахстан»
Атауы (қаз.)
«Қазақстан Республикасының құрылыс нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитеті төрағасының 2016 жылғы 12 шілдедегі № 31-нқ бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
48-НҚ
Қабылданған күні
04.03.2020
Көрсетілген редакция
18.10.2023 140155_663091.kaz
Соңғы өзгеріс
18.10.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2000020110
ЭКБ идентификаторы
140155
Редакция идентификаторы
140155_663091
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 15:49

0 «Қазақстан Республикасының құрылыс нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитеті төрағасының 2016 жылғы 12 шілдедегі № 31-нқ бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Қазақстан Республикасының құрылыс нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитеті төрағасының 2016 жылғы 12 шілдедегі № 31-нқ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14083 болып тіркелген, 2016 жылғы 15 қыркүйекте «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
бұйрықтың кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» 2001 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 23-16) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 29 желтоқсандағы № 936 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі туралы ереженің 16-тармағындағы 489) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Құрылысқа арналған инженерлік іздеулер. Сейсмикалық шағын аймақтандыру. Жалпы ережелер» Қазақстан Республикасының Құрылыс нормаларында 1.02-02-2016:
5.2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5.2 Қазақстан Республикасы аумағындағы сейсмикалық аймақтандыру бойынша жұмыстар меншіктің кез келген нысанындағы мамандандырылған ғылыми және өндірістік ұйымдармен орындалады.»;
5.6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5.6 Сейсмикалық аймақтандыру бойынша жұмыстардың нәтижесіне ұлттық ғылыми кеңеспен мақұлданған карта жатады. Сейсмикалық аймақтандырудың картасы Қазақстан аумағында іздеу, жобалау және құрылыс жұмыстарын жүзеге асыратын барлық ұйымдар үшін олардың ведомстволық бағынуына тәуелсіз міндетті нормативтік құжат болып табылады.».

2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің Техникалық реттеу және нормалау басқармасы заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының орынбасарына жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрлігі

Қолданыстағы