О внесении изменения в решение маслихата от 12 августа 2016 года № 45 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в решение маслихата от 12 августа 2016 года № 45 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан»
- Атауы (қаз.)
- Мәслихаттың 2016 жылғы 12 тамыздағы № 45 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 179
- Қабылданған күні
- 07.06.2018
- Көрсетілген редакция
- 28.10.2020 122958_489188.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 28.10.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V18NI007898
- ЭКБ идентификаторы
- 122958
- Редакция идентификаторы
- 122958_489188
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 00:10
0 Мәслихаттың 2016 жылғы 12 тамыздағы № 45 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес Жангелдин аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. Мәслихаттың 2016 жылғы 12 тамыздағы № 45 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6609 болып тіркелген, 2016 жылғы 13 қыркүйекте «Біздің Торғай» газетінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген, Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында:
7-тармақтың 2) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
«2) барлық санаттағы мүгедектерге, шипажайларға және оңалту орталықтарына жол жүруiмен кepi қайтуына байланысты шығындарын өтеу
үшiн, табыстарын есепке алмай, 5 айлық есептiк көрсеткiштен артық емес мөлшерде;».
2 2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
«Жангелдин ауданының жұмыспен
қамту және әлеуметтік бағдарламалар
бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы
_________________________ Л. Зейнекина
2018 жылғы 7 маусым
«КЕЛІСІЛДІ»
«Жангелдин ауданының экономика
және қаржы бөлімі» мемлекеттік
мекемесі басшысының міндетін
атқарушы
___________________ Г. Ұзаққызы
2018 жылғы 7 маусым