О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Министра образования и науки Республики Казахстан от 12 августа 2016 года № 499 «Об утверждении Типовых учебных программ дошкольного воспитания и обучения»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Министра образования и науки Республики Казахстан от 12 августа 2016 года № 499 «Об утверждении Типовых учебных программ дошкольного воспитания и обучения»
- Атауы (қаз.)
- «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 12 тамыздағы № 499 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 90
- Қабылданған күні
- 06.03.2020
- Көрсетілген редакция
- 06.03.2020 140226_451678.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 06.03.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2000020119
- ЭКБ идентификаторы
- 140226
- Редакция идентификаторы
- 140226_451678
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 15:46
0 «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы
12 тамыздағы № 499 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 12 тамыздағы № 499 бұйрығына (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14235 болып тіркелген, «Әділет» Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 28 қыркүйекте жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасында:
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Бағдарламаның мазмұны балалардың физикалық және психикалық дамуының келесі жас кезеңдерін қамтиды және келесі топтарда іске асырылады:
Бөбек жасы – 1-3 жас:
ерте жас – 1 жастан бастап (ерте жас тобы);
кіші жас – 2 жастан бастап (кіші топ);
Мектепке дейінгі жас – 3 жастан 1-сыныпқа қабылданғанға дейін:
мектепке дейінгі орта жас – 3 жастан бастап (ортаңғы топ);
мектепке дейінгі ересек жас – 4 жастан бастап (ересек топ);
мектепалды жас (мектепалды топ, сынып) - 5 жастан бастап;
«Ерте жастағы топ (1 жастан 2 жасқа дейін)» деген 2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«2-тарау. Ерте жас тобы (1 жастан бастап)»;
«Бірінші кіші топ ( 2 жастан 3 жасқа дейін)» деген 3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«3-тарау. Кіші топ ( 2 жастан бастап)»;
«Екінші кіші топ (3 жастан 4 жасқа дейін)» деген 4-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«4-тарау. Ортаңғы топ (3 жастан бастап)»;
«Ортаңғы топ (4 жастан 5 жасқа дейін)» деген 5-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«5-тарау. Ересектер тобы (4 жастан бастап)»;
«Ересек топ (5 жастан 6 жасқа дейін)» деген 6-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«6-тарау. Мектепалды топ/сынып (5 жастан бастап)»;
7-тарау алынып тасталсын.
2 2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Мектепке дейінгі және орта білім беру комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2 2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
3 3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) тармақшаларында көзделген
іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.