О внесении изменений и дополнений в постановление акимата Актюбинской области от 12 декабря 2016 года № 513 «Об определении перечня должностей специалистов в области здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры и спорта, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнений в постановление акимата Актюбинской области от 12 декабря 2016 года № 513 «Об определении перечня должностей специалистов в области здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры и спорта, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности»
- Атауы (қаз.)
- Ақтөбе облысы әкімдігінің 2016 жылғы 12 желтоқсандағы № 513 «Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы» қаулысына өзгерістер және толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 374
- Қабылданған күні
- 15.08.2018
- Көрсетілген редакция
- 15.08.2018 124591_352463.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 15.08.2018
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V18C0005949
- ЭКБ идентификаторы
- 124591
- Редакция идентификаторы
- 124591_352463
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 23:30
0
Ақтөбе облысы әкімдігінің 2016 жылғы 12 желтоқсандағы № 513 «Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы» қаулысына өзгерістер және толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 139-бабының 9-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27-бабына және Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Заңы 18 бабының 4-тармағына сәйкес Ақтөбе облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Ақтөбе облысы әкімдігінің 2016 жылғы 12 желтоқсандағы № 513 «Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы» қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5235 тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіде 2017 жылы 1 ақпанда жарияланған) мынадай өзгерістер және толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулының тақырыбында, көрсетілген қаулының 1-тармағында және қаулының 1-қосымшасы тақырыбында «және спорт» деген сөздер «, спорт және орман шаруашылығы» деген сөздермен ауыстырылсын;
көрсетілген қаулының 1-қосымшасы:
«Орман шаруашылығы мамандарының лауазымдары:» деген бөліммен осы қаулының қосымшасына сәйкес және реттік нөмірлері 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8 жолдармен толықтырылсын.
2 2. «Ақтөбе облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» мемлекеттік мекемесі белгіленген заңнамалық тәртіппен:
1 1) осы қаулының Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;
2 2) осы қаулының Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкінде және мерзімді баспа басылымдарда ресми жариялауға жолдауын;
3 3) Ақтөбе облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Е.Ж. Нұрғалиевке жүктелсін.
4 4. Осы қаулы 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Ақтөбе облыстық
мәслихатының хатшысы
_______________С. Қалдығұлова
"___ " _____________ 2018 жыл
8 Ақтөбе облысы әкімдігінің
2018 жылғы 15 тамыздағы
№ 374 қаулысына қосымша
Ақтөбе облысы әкімдігінің
2018 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 513 қаулысына 1-қосымша
№
Лауазымдар атауы
Орман шаруашылығы мамандарының лауазымдары:
1
ММ жоғары санаттағы біліктілік деңгейі жоғары мамандары: орманшы (инспектор), аңшылықтанушы, орман (учаске) шебері, орман шаруашылығы мен ЕҚТА негізгі қызметтердің барлық мамандықтарының инженерлері
2
ММ бірінші санаттағы біліктілік деңгейі жоғары мамандары: орманшы (инспектор), аңшылықтанушы, орман (учаске) шебері, орман шаруашылығы мен ЕҚТА негізгі қызметтердің барлық мамандықтарының инженерлері
3
ММ екінші санаттағы біліктілік деңгейі жоғары мамандары: орманшы (инспектор), аңшылықтанушы, орман (учаске) шебері, орман шаруашылығы мен ЕҚТА негізгі қызметтердің барлық мамандықтарының инженерлері
4
ММ санатсыз біліктілік деңгейі жоғары мамандары: орманшы (инспектор), аңшылықтанушы, орман (учаске) шебері, орман шаруашылығы мен ЕҚТА негізгі қызметтердің барлық мамандықтарының инженерлері
5
ММ жоғары санаттағы біліктілік деңгейі орташа мамандары: орманшы (инспектор), аңшылықтанушы, орман (учаске) шебері, орман шаруашылығы мен ЕҚТА негізгі қызметтердің барлық мамандықтарының инженерлері
6
ММ бірінші санаттағы біліктілік деңгейі орташа мамандары: орманшы (инспектор), аңшылықтанушы, орман (учаске) шебері, орман шаруашылығы мен ЕҚТА негізгі қызметтердің барлық мамандықтарының инженерлері
7
ММ екінші санаттағы біліктілік деңгейі орташа мамандары: орманшы (инспектор), аңшылықтанушы, орман (учаске) шебері, орман шаруашылығы мен ЕҚТА негізгі қызметтердің барлық мамандықтарының инженерлері
8
ММ санатсыз біліктілік деңгейі орташа мамандары: орманшы (инспектор), аңшылықтанушы, орман (учаске) шебері, орман шаруашылығы мен ЕҚТА негізгі қызметтердің барлық мамандықтарының инженерлері
Ескертпе: Аббревиатуралардың толық жазылуы:
ММ – мемлекеттік мекеме
ЕҚТА-ерекше қорғалатын табиғи аумақтар.