Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в решение акима села Шетпе от 12 июля 2016 года № 561 «О наименовании улиц»

Өзге акт · № 488 · қабылданған 06.11.2017
Заңдық күші: Қолданыста · 21.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/12-2016-no-561/on/2026-08-21/
Басып шығарылды 2026-08-21 · adilet.kz
О внесении изменений в решение акима села Шетпе от 12 июля 2016 года № 561 «О наименовании улиц» Қолданыста Өзге акт ·№ 488 ·06.11.2017
06.11.2017 редакциясы
21.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 06.11.2017. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в решение акима села Шетпе от 12 июля 2016 года № 561 «О наименовании улиц»

Қолданыста Өзге акт ·№ 488 · 21.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в решение акима села Шетпе от 12 июля 2016 года № 561 «О наименовании улиц»
Атауы (қаз.)
Шетпе ауылы әкімінің 2016 жылғы 12 шілдедегі № 561 «Көшелерге атау беру туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
488
Қабылданған күні
06.11.2017
Көрсетілген редакция
06.11.2017 116048_254304.kaz
Соңғы өзгеріс
06.11.2017
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V17ME003462
ЭКБ идентификаторы
116048
Редакция идентификаторы
116048_254304
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 03:22

0 Шетпе ауылы әкімінің

2016 жылғы 12 шілдедегі №561
«Көшелерге атау беру туралы»
шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңдарына және Маңғыстау облыстық мәслихатының 2016 жылғы 8 желтоқсандағы №6/73 және Маңғыстау облысы әкімдігінің 2016 жылғы 8 желтоқсандағы №367 «Маңғыстау ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысының кейбір мәселелері туралы» бірлескен шешімі мен қаулысына, Шетпе ауылы тұрғындарының пікірлерін ескере отырып, Шетпе ауылы әкімінің міндетін атқарушы
ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1 1. Шетпе ауылы әкімінің 2016 жылғы 12 шілдедегі №561 «Көшелерге

атау беру туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №3125 болып тіркелген, 2016 жылғы 17 тамыздағы «Жаңа өмір» газетінде №39 жарияланған) шешіміне келесідей өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің тақырыбы орыс тілінде жаңа редакцияда жазылды, мемлекеттік тілдегі мәтін өзгермейді.
кіріспесі жаңа редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік–аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14 бабының 4) тармақшасына сәйкес, Шетпе ауылы тұрғындарының пікірлерін ескере отырып және 2016 жылғы 6 мамырдағы Маңғыстау облыстық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде Шетпе ауылының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:»;
1 тармақта:
мемлекеттік тілде 1 абзац жаңа редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:
«1. Шетпе ауылының атаусыз көшелеріне келесі атаулар берілсін:»;
2 тармақ жаңа редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:
«2. «Шетпе ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесі мен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.»;
3 тармақ жаңа редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:
«3. Осы шешімнің орындалуын бақылау ауыл әкімінің орынбасары Е.Қазанбаевқа жүктелсін.».

2 2. Шетпе ауылы әкімінің орынбасары (Ж.Өтелгенов) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

4 4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы